ЕЛДІ ГАЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ

Ұлттық оператордың соңғы жылдары барлық газ саласын жаңарту және дамыту үшін өте қиын әрі ауқымды жұмыстарды атқарғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдау және транзиттік инфрақұрылым ең жоғары техникалық деңгейде тұр. Соның арқасында, біз тұтынушыларды отандық газбен қамтамасыз етіп қана қоймай, жылыту маусымын өткізуге кепілдеме береміз.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ елдің 8 миллионнан астам тұрғындарын, шамамен қазақстанның 10 өңіріндегі 35 мың кәсіпорындарды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Газ саласын дамыту жүйелі бағдарламалық құжаттардың негізінде іске асырылады.

2014 жылы елді газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасы мен газ секторын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді және бекітілді, онда саланы дамытудың ұзақ мерзімді перспективасы айқындалған. Осы уақытта бас схеманы іске асырудың арқасында елдің газдандыру деңгейі 8-ден 11,5 миллион адамға дейін ұлғайтылады; республиканың 1600-ден астам елді мекені газбен қамтылады.

Елді мекендерді газдандыру бюджеттің қаражаты, сондай-ақ, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз»  АҚ–ның және мемлекеттік-жеке меншік серіктестің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Тұтастай алғанда, газдандыру үшін 2006 жылдан бастап 260 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 112 миллиард теңге, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз»  АҚ–ның қаражатынан 150 миллиард теңгеден астам. Нәтижесінде газдандырылған елді мекендердің саны 730-дан 1 200-ге дейін, бұл ретте тұрғындарды газбен қамту екі миллион адамға өсті.

Елімізде соңғы 10 жылда табиғи газды тұтыну көлемі шамамен 9 миллиард текше метрден 13 миллиард текше метрге дейін өсті, ал 2030 жылға қарай көлемі 18 миллиард текше метрге жетеді.

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша табиғи газды тұтыну үлесін: 45 % астамын – жылу-энергетикалық кешендер, 26 % - өнеркәсіптік объектілер, 23 % - тұрғындар, сондай-ақ  6 % астамын шағын коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар құрайды.

Елімізді газдандыру бойынша Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Ұлттық оператор «ҚазТрансгаз» АҚ жұмыстардың елеулі көлемін атқарды,  елдегі газ тарату желілерін газдандыру және жаңғырту бойынша  жоспарланған барлық инвестициялық жобаларды іске асырды. 

2020 жылға дейін елдің 9 өңірінде газбен жабдықтауды кеңейту және жалпы ұзындығы 7 мың шақырымдық газ құбырларын жаңғырту бойынша инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕПСУБЛИКАСЫНЫҢІ ӨҢІРЛЕРІН ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ

Бүгінгі таңда еліміздің 10 өңірінің тұрғындары үшін тауарлық газ қол жетімді, оның ішінде бірқатар газдандырылған облыстарға тауарлық газ тек облыс орталықтарына және салыстырмалы ірі қалаларға ғана жеткізіледі.

Қазақстанда орталықтандырылған газбен жабдықтауға халықтың және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың қол жетімділігін қамтамасыз етудің ең жоғарғы деңгейі еліміздің батыс өңірлерінде – Ақтөбе облысында 83%-дан , Маңғыстау облысында - 99%-ға дейін байқалады.

Газдандыру деңгейі

 

 «ҚазТрансГаз АймаҚ» АҚ ӨҢІРЛЕРІН ГАЗДАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫ  

«Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру» жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2014-2016 жж.

Жоба шеңберінде 5 елді мекен газдандырылды: Арал, Әйтеке би, Байқоңыр, Жаңақорған және Шиелі. Жоба сондай-ақ жақын арадағы ауылдарды газдандыру үшін инфрақұрылым құрады және газдандырылған қалалардың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады. Жалпы Қызылорда қаласын газдандыру аймақтың тұрақты экономикалық өсуі үшін сенімді энергетикалық базаны құруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 6,4 км. орта қысымды газ құбыры салынды. Жобаны іске асыру аяқталды. Жоба бойынша барлығы келесі жұмыстар орындалды: ұзындығы 1293,38 км. газ құбыры салынды, 5 АГТС, 13 ГРП, 174 ШГРП, 2 ГРЕП монтаждалды.

Мәртебесі: Жоба толығымен аяқталды. Жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

 

«Қостанай облысының елді мекендерін газдандыруды кеңейту» жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2017 жж.

Инвестициялық жобаға 2015 жылы 17 қарашада Қостанай облысы Әкімдігі, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған өзара қызметтестік туралы үш жақты меморандумға сәйкес бастамашылық жасалды.

Жобамен Денисов ауданы Алчановка а., Антоновка а., Қарабалық ауданы Тоғызақ а., Әулиекөл ауданы Әулиекөл а., Қашар а., Рудный қ., Октябрьск а., Лисаковск қ., Рудный қаласын келешекте газдандыру қарастырылады.

Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы шамамен 391,6 км. өткізгіш және ауылішілік газ құбырын, оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры – 168,3 км., орта қысымды – 9,3 км., төмен қысымды – 214 км., АГТС – 1 бірлік, ГБП -14 дана, ШГРП -5 дана, ГРБ – 1 бірлік салу қарастырылған.

2016 жылы Жобаны іске асыру шеңберінде «Рудный қаласының Қашар ауылына газ тарату желілерін салу», «Лисаковск қаласы Октябрьский ауылын газдандыру» объектілері пайдалануға берілді, бұл ретте 60 км. газ құбыры салынды, 4 БГРП орнатылды.

Мәртебесі: 2016 жылдың аяғында Қашар және Октябрьский кенттеріне табиғи газ өткізілді. Қазіргі уақытта жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

 

«Оңтүстік Қазақстан облысының газ тарату желілерін жаңғырту» (1 кезең, Шымкент қаласы)

Жобаны іске асыру мерзімі – 2010-2016жж.

Оңтүстік Қазақстан облысы «ҚТГ Аймақ» АҚ-мен жүзеге асырылатын  ҚР газбен жабдықтау жүйелерін жаңғыртудағы пилоттық бағдарлама объектісі болды. 2009 жылы басталған газ таратушы желілерді жаңғырту шеңберінде бұл жерде газбен жабдықтаудың техникалық базасы жаңартылды және кеңейтілді. Тозған болат газ құбырлары пайдалану мерзімі ұзақ, электрохимиялық қорғау құралдарын қажет етпейтін полиэтилен газ құбырларына ауыстырылды, бұл оларды жөндеуге кететін шығындарды азайтады.

Жобаны іске асырудан жоспарланатын тиімділік – жоғары қысымды газ құбырын бірнеше рет сақиналандыруға байланысты жүйелердің сенімділігін арттыра отырып, 85 мың м3/сағ. - 258 мың м3/сағ. дейін өткізгіштік қабілетін арттыру.

Оңтүстік Қазақстан облысының газбен жабдықтаудың техникалық базаларын жаңарту тек жаңа газ инфрақұрылымын құруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілерге озық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.

«Шымкент қаласының  ГТЖ жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы 245,7 км. газ құбыры салынды, орта қысымды газ құбыры – 146,8 км., төмен қысымды газ құбыры – 98,9 км., 4605 шкафтық пункт, 8 газ блокты пункт орнатылды. Жоба бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталды.

01.01.2017ж. жоба бойынша барлығы 2403 км. газ құбыры салынды, 46 газ реттейтін пункт, 8 газ блокты пункт, 32 906 шкафтық пункт, 129 шкафтық газ реттейтін пункт жөнделді, 48 822 абонент қайта қосылды.

Мәртебесі: жоба аяқталды. Нәтижесінде газбен жабдықтаудың жаңа жүйесіне облыс орталығының 55 325 абоненті немесе 250 000 тұрғыны көшірілді. 

 

«Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2015-2020жж.

2015 жылы Жобаға бастамашылық жасалды және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ресурстық базаны бағалау, газ тасымалдау жүйелерін, аймақты газдандыру объектілерінің техникалық және инвестициялық параметрлерін дамытумен өзара байланысқан кешен ретінде құрылды.

Ақтөбе облысын газдандыру объектілерін салу жобаларын іске асыру бойынша ұзақ мерзімді және өзара тиімді қызметтестікке қатысты    2015 жылғы 5 ақпанда Ақтөбе облысы Әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында  өзара түсіністік және қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба шеңберінде агломерация және облыстың аудан орталықтарының құрамына кіретін 9 елді мекенді газдандыру, сондай-ақ жалпы қуаты 360 мың текше м/сағ. 3 АГТС салу және қолданыстағы тозығы жеткен газ құбыры желілерін жаңғырту жоспарланып отыр.

Табиғи газды тұтынушылар санын 5,4 мың абонентке көбейту, энергетикалық қауіпсіздікті және Ақтөбе облысының елді мекендерін газбен жабдықтауда олардың өсіп отырған қажеттіліктерін сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету, облыс аумағын газдандыруды жалғастыру мүмкіндігінен көрінетін қосымша мультипликативті әсер, тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыру, еңбек ету және өмір сүру жағдайын жақсарту Ақтөбе облысын газдандыруды іске асырудың экономикалық тиімділігі болып табылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2016 жылы жалпы ұзындығы 370,3 км. газ құбыры салынды, 2 автоматтандырылған газ тарату жүйесі, 100 шкафтық газ тарату пункті, 9 блокты газ реттейтін пункт орнатылды. Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының негізігі көлемі 2016 жылы игерілді.

Мәртебесі: жоба орындалу үстінде. Жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

«Тараз қаласының газ тарату желілерін жаңғырту» жобасы.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2019жж.

Тараз қаласының газ тарату желілеріне жаңғырту жүргізу қаланың газ тарату желілерін реконструкциялау бойынша кешенді шараларды іске асыру үшін, оларды пайдалану кезінде техникалық сенімділікті және қауіпсіздікті арттыру, нормативтен жоғары техникалық ысыраптарды төмендету, газ құбырларының жобалық қуаттылығын қалпына келтіру және аз қабатты секторда газбен жабдықтаудың екі сатылық жүйесіне өту үшін қажетті шаралар болып табылады, бұл газ тұтыну көлемдерін есепке алуды және бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту нәтижесінде өткізгіштік қабілетті   101,5 мың м3/сағ.-150,5 мың м3/сағ. дейін 49 мың м3/сағ. арттыру, газ құбырлары арқылы газдың шығуынан газдың техникалық және технологиялық ысыраптарын қысқарту, таяудағы 40-50 жылға күрделі жөндеуге арналған пайдалану шығындарын 70% дейін төмендету, қаланың газ тарату жүйелерінің қызмет ету мерзімін 50 жылға ұзарту (полиэтилен газ құбырының кепілді қызмет ету мерзімі), газды рұқсатсыз алу және ойып қосу мүмкіндіктерін жою жоспарланып отыр.

Газ тарату желілерін жаңғыртуды негіздеу үшін қала 8 (сегіз) кешенге бөлінді, кешендер жаңғырту объектілеріне бөлінді. Объектілер кешен ішінен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы желіні жаңаға ауыстыруға ыңғайлы болу үшін қаланың газ тарату желілерін ажыратудың  технологиялық жүйесі бойынша бөлінді.

Жоба екі кезекте жүзеге асырылуда:

- 1-ші кезек (5 іске қосу кешені 2011-2016жж.);

- 2-ші кезек (3 іске қосу кешені 2017-2019жж.).

01.01.2017 жылғы жағдай бойынша жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып отыр. Есепті күнге жобаның бірінші кезегі бойынша барлық жұмыстар аяқталды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 5-ші іске қосу кешені бойынша келесі іс-шаралар орындалды:

- ұзындығы 79,45 км. газ құбыры салынды, соның ішінде полиэтилен – 59,39 км, болат – 20,09 км; 526 дана жеке шкафтық пункттер орнатылды, техникалық және авторлық қадағалау жүргізілді;

- екінші кезеңнің 1-ші іске қосу кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, 21.12.2016 ж. Мемлекеттік қорытындыны алуға арналған шарт жасалды. Жоспарланған жұмыстар 100% орындалды.

01.01.2017ж. Жобаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 712 км газ құбыры салынды, 14 632 шкафтық пункт орнатылды.

2017 жылы Жобаның екінші кезеңін іске асыру басталады.

Мәртебесі: Бүгінгі күні бес іске қосу кешенінен тұратын Тараз қ. газ тарату желісін жаңарту инвестициялық бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша жұмыстардың барлығы аяқталды. Өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес асфальт төсемін қайта қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйымдармен аяқталатын болады.