«Қараөзек компрессорлық станциясын салу» жобасы

Қысқа мерзімнің ішінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млрд.м3 дейін жеткізу мақсатында, 2016 жылдың 25 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның күшімен және қаражатымен «Қараөзек» КС салудың мақсаттылығы туралы шешім қабылданды.

2016-2017 ж. Жобаны іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

  • «Мақат» компрессорлық станциясынан газ айдайтын агрегаттарды ауыстыру аяқталды;
  • Жобаның ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды;

2017 жылғы жұмыс барысы:

2017 жылғы 03 шілдеде «Қараөзек» газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді. «Қараөзек» жоғары технологиялы компрессорлық станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 944 шақырымда орналасқан. Компания «Қараөзек» компрессорлық станциясын салу кезде оңтайландыру арқылы ішкі резервтен газ айдайтын қондырғыларды қолданды. Станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының өткізгіштік қабілеттілігін 10 млрд. текше метр газға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Қараөзек» КС құрылысы Қазақстанның астанасы Астананы және солтүстік өңірлерді  алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған.

«ҚазТрансГаз» АҚ «Қараөзек» КС құрылысын жоспарланған мерзімнен жарты жыл бұрын аяқтады және компанияның ішкі резервінен газ айдайтын қондырғыларды жаңғырту есебінен миллиардтаған теңге үнемдеді. Бұл еліміздің оңтүстік өңірлеріне газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қытайға табиғи газ экспорттауды ұлғайтуға кепілдік береді.

Станцияның негізгі элементі жұмыстың ең күрделі режиміне арналған  «Solar Turbines» америкалық компаниясының жоғары технологиялары негізінде әзірленген үш газтурбиналық қондырғылар  болып табылады.  Барлық үш агрегатты пайдаланған кезде компрессорлық станцияның өнімділігі тәулігіне 43,5 млн. текше метр газды құрайды.

 

Қожасай кен орнынан «Бұхара-Орал» МГҚ КС-12 дейін магистральдық газ құбырын салу» жобасы

Ақтөбе облысының кен орындарында ілеспе газды жағу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры үшін ресурстық базаны ұлғайту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  инвестициялық комитетімен 2016 жылғы 21 қыркүйекте  Қожасай кен орнынан «Бұхара-Орал» МГҚ КС-12 дейін магистральдық газ құбырын салу» жобасын іске асыру туралы  №13-16 шешім қабылданды.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2017 жж.

Жобаны іске асыру мақсатында 2016 жылы мыналар орындалды:

  • Жобаны іске асыру үшін материалдар мен жабдықтарды сатып алу және жеткізу жүзеге асырылды;
  • 168 км болатын газ құбырының 30 км төселді;
  • 2017 жылдың  2 тоқсанында магистральдық газ құбырын пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

 

«БГР-ТБА өткізу қабілетін арттыру» және «Қазақстан-Қытай» МГҚ-на газ беру үшін  TIP-02 жалғастырғышын (перемычка) салу» жобасы

ҚХР экспорттау және Алматы қ. газбен іркіліссіз қамтамасыз ету үшін «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырына газ беру мақсатындаБГР-ТБА өткізу қабелетін арттыу» және «Қазақстан-Қытай» МГ-на газ беру үшін  TIP-02 жалғастырғышын салу» жобасын іске асыру жолғастырылуда. 2016 жылдың 21 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетімен № 13-16 жобаны түзету қабылданды. 

2017 жылғы жұмыс барысы:

«Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясы Жамбыл облысында «Бұқара Газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбыры (қысымы 55 кгс/см2) және «Қазақстан-Қытай» (қысымы 100 кгс/см2) магистарльдық газ құбырлары арасында TIP-02 жалғастырмасында тұрғызылған.

Станцияны пайдалануға енгізумен 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстаннан тысқары батыс кен орындарынан отандық табиғи газдың көлемдерін экономикалық тиімді тасымалдау мүмкіндігі пайда болды. 

Сығымдау компрессорлық станцияларын пайдалануға енгізу бірден бірнеше міндетті шешеді. Біріншіден, біз Қытайға отандық газ жолын аштық, яғни экспорттық және тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейттік. Екіншіден, Алматы қаласы мен алматы облысын үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз еттік, бұл – ірі мегаполистік экологиясы және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Үшіншіден, жаңа станцияның жұмысы Қырғыз Республикасының аумағында газ құбыры учаскесін айналып өтіп Алматы тұтынушыларын үздіксіз газбен жабдықтау үшін резервтік маршрутты қамтамасыз етеді. 

СКС қуаты 4,7 млрд. текше метр орташа жылдық газ айдауға есептелген. Цехтың қосалқы жабдықары, құбырлық  байламдар мен инженерлік желілер  қосымша газ айдау агрегатымен  толық жабдықтау мүмкіндігін есепке ала отырып жобаланған, бұл айдау көлемін жылына 6 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

«Қазақстан-Қытай МГ қуаттылығын арттыру (1-ші учаске)» жобасы

2011 жылдың 27 шілдесінде «ҚР мен Қытай Үкіметі аралығында 2007 жылғы 18 тамызда жасалған Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2 Қосымшаға қол қойылды, оған сәйкес Тараптар «Қазақстан-Қытай» МГҚ бірінші учаскесінің қуаттылығын жылына 25 млрд. м3 арттыруға келісті, оның жылына 20 млрд. м3 қытай тарапының ҚХР-на түркімен және өзбекстан газын тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға арналады, ал жылына 5 млрд. м3 қазақстан тарапы үшін ҚР ішкі нарығының газға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚХР-ға газды экспорттау мақсатына арналады.

Жоба бойынша өткізу қабілеті жылына 25 млрд. м3 болатын, ұзындығы 1 308 км магистральдық газ құбырын салу жобаланады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2017 жылдар.

2011 жылдың 26 қыркүйегінде ҚМГ, ҚТГ және TAPLine арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші учаскесінің «С» желісін жобалауды, қаржыландыруды, салуды және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы Келісімге қол қойылды.

2016 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жоба бойынша келесі негізгі жұмыстар атқарылды:

  • 2015 жылдың 9 шілдесінде газ құбырдың желілік бөлігі пайдалануға берілді;
  • 2015 жылдың 16 шілдесінде №6 компрессорлық станция пайдлануға берілді;
  • 2015 жылдың 23 шілдесінде №2 компрессорлық станция пайдлануға берілді;
  • 2015 жылдың 3 тамызында №4 компрессорлық станция пайдлануға берілді;
  • 2015 жылдың 10 тамызында №8 компрессорлық станция пайдлануға берілді;
  • 2015 жылдың 31 желтоқсанында ТМРжБҚКД №278-НҚ бұйрығымен 2016-2019 жылдар аралығы кезеңінде магистральдық газ құбыры арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметтерінің тарифі ҚҚС қоспағанда 1000 м3 үшін 3 494 теңге мөлшерде бекітілді.

Қазіргі кезде жылына 20 млрд.м3 дейінгі көлемде жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді, келешекте 2017 жылы №1, №3, №5, №7 компрессорлық станцияларды салу есебімен газ құбырдың қуаттылығын жылына 25 млрд. м3 дейін арттыру жоспарланып отыр.

2017 жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша газ құбыры пайдалануға енгізілген сәттен бастап 21 млрд.м3 газ көлемі тасымалданды. 

2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі:

  • №1 компрессорлық станцияның құрылысы мен іске қосу жұмыстары жүргізілуде;
  • №3 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде;
  • №5 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде;
  • №7 компрессорлық станцияның құрылысы жүргізілуде
  • SCADA жүйесі мен Телекоммуникация құрылысы жүргізілуде;
  • «Қазақстан – Қытай» ГҚ қуатын ұлғайту» «С» желісі инвестициялық жобасы құрылыс, іске қосу жұмыстарының мерзімін ұзарту және нысандарды 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға беру бойынша түзетулер енгізу (бірінші аумақ) бойынша материалдар «ҚазТрансГаз» АҚ Инвестициялық комитетінің 24.03.2017 жылғы №5 хаттамалық шешімімен мақұлданып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялық комитетінің қарауына жіберілді.

 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу» жобасы

ҚР оңтүстік аймақтарының газға қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету, импорттық газға тәуелділікті азайту және ҚР энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу» жобасын іске асыру жалғастырылуда (Бозой және Қараөзек компрессорлық станцияларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр).

Газ құбырдың бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтары арқылы өтеді және негізгі техникалық сипаттары мынадай: 1-ші кезең – 2012-2017ж. өткізу қабілеті жылына 6 млрд. м3 дейін; 2-ші кезең – 2013-2017ж. өткізу қабілеті жылына 10 млрд.м3 дейін, нақты ұзындығы 1 454,2 км (біртізбекті орындау).

2010-2016ж. Жобаны іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

  •  ҚР мен Қытай Үкіметі арасында 2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;
  • 2010 жылы 12 маусымда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапарының шеңберінде «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салудың және пайдаланудың негізгі қағидалары туралы келісімге (НҚК) қол қойылды.
  • 2011 жылдың 18 қаңтарында Жобаны ҚР аумағында іске асыру мақсатында бірлескен Қазақстан-қытай жобалық компания – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылды;
  •  2013 жылдың 2 желтоқсанында мемлекеттік қабылдау комиссиясының «Бозой» ГӨС өткізу қабілеті жылына 2,5 млрд. м3, «Бозой-Шымкент» учаскесінің (311-1453 км) желілік бөлігін пайдалануға енгізу  туралы актісіне қол қойылды;
  •  2015 жылдың 31 желтоқсанында ҚР ТМРжБҚКД №278-ОД бұйрығымен магистральдық газ құбыры арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифі 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолднысқа енгізілетін, ҚҚС қоспағанда 1000 м3 үшін 18 071 теңге мөлшерде бекітілді;
  •  2016 жылдың 30 желтоқсанында қабылдау комиссиясының өткізу қабілеті жылына 5 млрд.м3 дейінгі «Бейнеу-Бозой» учаскесінің (0-311км) желілік бөлігін пайдалануға енгізу туралы актісіне қол қойылды;
  • 2017 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша тасымалдау басталғалы бері 6,4 млрд.м3 газ көлемі тасымалданды;
  • 2017 жылдың 1 мамырындағы ахуалы бойынша тасымалдау басталғаннан бері 6,4 млрд м3 газ тасымалданды.

Трасса бойындағы жолдарды, «Шорнақ», «Қараөзек», «Ақсуат» және «Сексеуіл» ӨЭБ және ВА, «Бозой» КС және ВА (компрессорлық станция мен вахталық ауыл ) салу жұмыстары жалғасуда. 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗДЫ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАУ ТУРАЛЫ

2017 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында 5 млрд. текше метр қазақстан газын жеткізу туралы тарихи шартқа қол қойылды. 

«ҚазТрансГаз» АҚ және  «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында Сатып алу-сату шартына қол қойылды. Ресурстық база ретінде Қазақстанның батыс өңіріндегі кен орындары, сондай-ақ Ұлттық оператордың жерасты газ сақтау қоймаларындағы газ қоры айқындалып отыр. Қытай тарапынан газ қабылдайтын орын ретінде «Қорғас» шекара бекеті белгіленген.

2017 жылғы 16 қазанда Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ отандық газды Қытайға экспорттауды бастады. Қазақстан аумағы бойынша табиғи газды экспорттаудың маршруты шамамен 3 мың шақырымды құрайды, 10-нан астам компрессорлық станциялар жұмысқа тартылған. 

Отандық газды тасымалдау мен экспорттаудың жаңа дәуірін ашқан тарихи келісімге қол жеткізу жолында еліміздің газ тасымалдау жүйесі толықтай техникалық қайта жарақтандырудан өткізіліп, дипломатиялық менеджмент тұрғысынан да орасан жұмыс атқарылды.

Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ елдің барлық магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіріп, негізгі газ желілерін әртараптандыруға мүмкіндік беретін жобаларды рекордтық мерзімде іске асырды. Қуатты газкомпрессорлық және сығымдау станциялары – «Бозой», «Қараөзек», «Ақыртөбе» пайдалануға берілді, «Бозой» жерасты газ қоймасы реконструкцияланды, газды құрғатуға арналған құрылғы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Өзбекстан арасында табиғи газды тасымалдау және транзиттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Ташкентте жасалған шартқа сәйкес, өзбекстандық газ тасымалдау жүйесі арқылы Қазақстанның оңтүстігіне батыс кен орындарында өндірілген табиғи газ тасымалданатын болады.

Осылайша, «Газли – Шымкент» магистральдық газ құбырымен келетін қосымша газ көлемі қыс мезгілінде еліміздің оңтүстік өңірлерін көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстандық газды Қытайға экспорттау үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» МГҚ және «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық газ құбырының ресурстары пайдаланылады.