«Қансу» Жобасы

2015 жылы 21 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№14/2015 хаттама 17 тармақ) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100% қатысу үлесін «ҚазТрансГаз» АҚ пайдасына иеліктен шығару мәселесі мақұлданды.

2016 жылдың 19 қаңтарында Жалғыз қатысушы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «ҚазТрансГаз» АҚ ауысуына байланысты Ақтау қ. Әділет басқармасында «КМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС қайта тіркеу жүргізілді.

2016 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «КМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС арасындағы Маңғыстау облысында орналасқан Қансу учаскесіндегі көмірсутек шикізатын барлауға арналған 2013ж.01.10. №3949-УВС Келісімшартқа Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы №2 Қосымшаға қол қойылды.

2016 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Энергетика министрлігінің Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының отырысында қаралды және келісілді және ҚР ЭМ-де Қансу учаскесіндегі мұнай және газға арналған іздеу жұмыстарының жобасына №1 Толықтыру (бұдан әрі - ІЖЖТ) бекітуге қабылданды.

Бекітілген ІЖЖТ сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған Келісімшарттың Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

2016 жылдың 1 қазанында Қансу кенорнының  геологиялық моделін құру жұмыстары аяқталды. Үш өлшемді геологиялық моделдер құрылды, бор және юра шөгінділері бойынша бастапқы геологиялық қорлардың бағалауы жүргізілді.

2016 жылдың 31 қазанында «Қансу» учаскесіндегі қоршаған ортаны қазіргі жағдайының аудиті» Жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жұмыс жүргізілген жалпы алаң  Қансу» учаскесінің келісімшарттық аумағына тең және 4374,64 кв. км. құрайды.

2016 жылдың 2 желтоқсанында ҚР ЭМ Жұмыс тобының Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты отырысы болып өтті (ҚР ЭМ Жұмыс тобының № 15 хаттамасы). Осы отырыстың қорытындысы бойынша Құзыретті орган оңтайлы шешім қабылдады және 2016 жылдың 29 желтоқсанында Келісімшартқа № 3 Толықтыруға қол қойылды.

2016 жылдың желтоқсанында «Солтүстік Қансу учаскесіндегі R1 барлау ұңғымасын салуға арналған техникалық жоба» әзірлеу қызметін сатып алу жөнінде тендер жарияланды.

2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Солтүстік Қансу аймағында R1 іздеу ұңғымасын салу техникалық жобасын» дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба мемлекеттік бақылау органдарының қарауында.    

 

«Газ кен орындарының Амангелді тобын игеру» жобасы

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес республиканың оңтүстік аймақтарының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында, «ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылғы 12 желтоқсанда Көмірсутек шикізатын бірлесіп барлауға және өңдеуге арналған келісімшарт негізінде Жамбыл облысындағы газ кен орындарының Амангелді тобын игеруді жалғастырып жатыр.

Аталған Келісімшарттың әрекет ету мерзімі – 2031 жылға дейін.

Жобаны іске асыру шеңберінде «Амангелді» кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және өзіне геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстар кешенін, артық қорларды санауды, тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобаларын, өңдеу ұңғымаларын салу жобаларын және кен орнын орналастыру объектісін әзірлеуді қосатын Амангелді тобының басқа кен орындарын игеру жүзеге асырылады. Амангелді тобының кен орындарындағы табиғи газдың бекітіліп өндірілетін қорлары 15 520 млн. м3 құрайды.

2008 жылдан бастап Амангелді кен орны өнеркәсіптік игеру сатысына түсті. Қазіргі кезде 33 ұңғыма пайдаланылуда.

2014 жылдың 27 қарашасында Жарқұм кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, 5 ұңғымада өндіру жүргізіледі.

2015 жылдың 12 қарашасында барлау кезеңі 2018 жылдың 12 желтоқсанына дейін 3 (үш) жылға ұзартылды.

2014-2015 жылдары Сұлтанқұдық құрылымында ЖТНӘ 2D 257,1 қума км көлемінде  сейсмикалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижесінде құрылымдардың параметрлері мен болжамды ресурстары, іздеу ұңғымаларының орналасқан жері мен тереңдігі анықталды.  Жаңа деректердің негізінде, 2016-2018 жылдары тереңдігі  4 250м 1 тәуелсіз ұңғыманы, тереңдігі 5000 м және 2970 м 2 тәуелді іздеу ұңғымаларын, сәйкесінше КСШ өнеркәсіптік қорларын айқындайтын құрылымдардың келешегін нақтылау мақсатында бұрғылауды көздейтін «Бархан-Сұлтанқұдық аймағындағы бағалау жұмыстарының жобасы» жобалық құжаттама әзірленді. 

«Батыс Сұлтанқұдық» құрылымында жобаланған тереңдігі 4 250 м, +/-250 м құрайтын №R-1 бағалау ұңғымасы бұрғыланды (4500 м).

Өнеркәсіптік игеру басталғалы бері Амангелді кен орнында 4,03 млрд. м3 табиғи газ және 303,15 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Соның ішінде 2016 жылы 311,31 млн. м3 табиғи газ, 20,67 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

Өнеркәсіптік игеру басталғалы бері Жарқұм кен орнында 37,97 млн. м3 табиғи газ және 348,5 тонна газ конденсаты, соның ішінде 2016 жылы 15,91 млн. м3 табиғи газ, 80,90 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

2017 жылғы 01.01. жағдай бойынша «Амангелді Газ» ЖШС 4,072 млрд. м3 табиғи газ, 303,5 тонна газ конденсатын өндірді.

2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі

Қазіргі уақытта Серіктестік «Айрақты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру жобасы» негізінде Айрақты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беруге дайындалу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Амангелді кен орнында бір игерім ұңғымасын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

 

«Имашевский кен орнын геологиялық зерттеу және барлау» жобасы

  • 2005 жылдың 18 қаңтарында ҚР мен РФ арасында қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы мемлекетаралық шарт жасалды, оның нәтижесінде Имашевский кен орны трансшекаралық кен орын мәртебесін иеленді.
  • 2010 жылдың 7 қыркүйегінде  ҚР мен РФ Үкіметі арасында Имашевский трансшекаралық газ конденсаттық кен орнын геологиялық зерттеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

Келісім бойынша уәкілетті органдар:  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 50% және «Газпром» ААҚ– 50%, Имашевский кен орнын геологиялық зерттеу барысында шығындарды тең бөледі.

  • 2013 жылдың 11 қарашасында Келісім бойынша Оператор - «КазРосГаз» ЖШС-не ҚР және РФ аумағында Имашевский кен орнында геологиялық зерттеуге (РФ) және барлауға (ҚР) жер қойнауларын пайдалану құқығын беру үшін Келісімге өзгерістер Хаттамасына қол қойылды.  Хаттама 2014 жылдың 18 сәуірінде күшіне енді.
  • 2015 жылдың 22 маусымында «КазРосГаз» ЖШС ҚМГ 50% қатысу үлесі «ҚазТрансГаз» АҚ берілді.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2015-2021ж.                                               

2015 жылы жоба бойынша ҚР геологиялық ақпараттың ішінара жиынтығы алынды, геологиялық зерттеуге және барлауға арналған Бірыңғай жоба әзірленді.

2016 жылдың 21 қарашасында Имашевский кен орнын геологиялық зерттеуге және барлауға арналған Бірыңғай жоба ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтті. 

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «Газпром» ААҚ ұстанымдарына сәйкес «Имашев кен орнын дамыту жобасын іске асыру келешегі туралы» мәселені «КазРосГаз» ЖШС Қадағалау кеңесінің қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.

 

«Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабатының метанын өндіру» жобасы (ҒЗТҚЖ шеңберіндегі ГБЖ 1-ші кезең)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабатының метанын өндіру» жобасы  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2014-2018 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық даму стратегиясын» іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының инновациялық жобаларының тізбесіне қосылған.

2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен Мемлекет басшысының Көмір қабаттарының метанын (КҚМ) барлау және өндіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілді. Осы Жоспарға сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды көмір бассейнінің Шерубайнұра көмірлі ауданындағы жер қойнауын пайдаланушы «Сарыарқа» ӘКБ» ҰК АҚ келісімшарттық аумағында ҒЗТҚЖ шеңберінде геологиялық балау жұмыстарын – Жобаның 1-ші кезеңін жалғастыруда (2015ж.03.04. Келісімге сәйкес). 

Қоғам КҚМ барлау және өндіру мәселелерімен айналысатын жетекші отандық ғалымдармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, қазіргі әлемдік көмір метанын барлау және өндіру технологиялары мен тәжірибелері бар шетелдік компаниялармен ұдайы кездесулер өткізіп тұрады. 

КҚМ геологиялық барлау жұмыстары күрделі ғылыми-техникалық міндеттерді қамтиды, ҒЗТҚЖ шеңберінде жүргізіледі және нақты аумақтың газдылығын зерттеуге, КҚМ өндірудің аса қолайлы технологияларын жасауға бағытталған. ҒЗТҚЖ шеңберінде қазіргі шетелдік технологияларды/ұңғымаларды салу әдістерін қолдану, халықаралық тәжірибе есебімен және білікті сервистік мердігер ұйымдарды және т.б. тарта отырып, КҚМ дебиттерін игеру және қарқындату бойынша ықтимал нұсқаларды қабылдайды.

Қазіргі кезде Жобаның 1-ші кезеңі бойынша барлау және тәжірибелік-эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланды, алғашқы газ алынды. Жетекші халықаралық зертханадан алынған (АҚШ, ҚХР, Еуропа) керн талдамасының деректеріне сәйкес Шерубайнұра учаскесінің көмірінің сипаттамасы АҚШ-тың ірі кен орындарымен ұқсас  (Блэк Варриор КҚМ барлау жылына 1,5 млрд. текше м дейін).  

2017 жылы Жол картасына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда: Қазақстан Республикасының теңгеріміне қойып, қорларды есептеу жүргізілуде, зерттелетін келісімшарттық аумақтың КҚМ өндіру және коммерциялау келешегін бағалау мақсатында техникалық-экономикалық есептер (ТЭЕ) әзірленуде. ТЭЕ Бірінші ұсыныстары бойынша олардағы геофизикалық зерттеу кешенімен 3 ұңғыма салуды орындауға арналған тендер рәсімдері жүргізіліп жатыр. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындыларын алғаннан кейін (ҒЗТҚЖ шеңберінде ГБЖ Жобасының 1-ші кезеңі) Жобаны одан әрі іске асыру туралы түпкілікті шешім қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы аймақтарының халқы үшін КҚМ тауар газының оңтайлы бағасын қалыптастыруға және инвестиция тартуға қолайлы жағдай тудыру мақсатында, ҚТГ уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Жол картасына сәйкес КҚМ барлау және өндіру қызметін мемлекеттік қолдауға бастама білдіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр:

  • КҚМ барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды (ҚазМұнайГаз/ҚазТрансГаз үшін) конкурссыз алу жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын алу;
  • Елбасымен 2016 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды, оның шеңберінде қолданыстағы салық және инвестициялық артықшылықтарды алу үшін КҚМ барлау және өндіру қызметін мемлекеттік қолдау бекітілген. Заңға тәуелді НҚА қол қою жұмыстары жүргізілуде.
  • Көмір қабаттарын алдын ала газсыздандыру және КҚМ қызметін тиімді реттеу мәселелері бойынша ұсыныстар, КҚМ барлауға қатысты ҒЗТҚЖ қаржыландыру бойынша мүдделі жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерінің қолданыстағы механизмін қайта қарау бойынша ұсыныстар «Жер қойнаулары және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне Тұжырымдамаға бағытталған. Кодексті баптар бойынша талдап әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
  • КҚМ энергетиканың баламалы көзі ретінде қосу жөніндегі ұсыныс Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына бағытталды. 

2017 жылы атқарылатын істер мәртебесі

  • Қорлардың саналып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік теңгеріміне қойылуы бойынша жұмыс атқарылып жатыр.   
  • Зерттеліп отырған келісімшарттық аумақтағы КҚМ барлау және коммерциялаудың келешегін бағалаудың техникалық-экономикалық есебі (ТЭЕ) аяқталды.
  • ТЭЕ алғашқы кеңестеріне сәйкес геофизикалық зерттеулері бірге ұсынылатын 3 ұңғыманың құрылысын жүргізу жұмыстарына тендерлік шаралар өткізілді. Геологиялық барлау жұмыстарының (ҒЗТҚЖ аясындағы ГБЖ жобасының 1-ші кезеңі) нәтижелері шыққаннан кейін Жобаның одан әрі жүргізілуі бойынша соңғы шешім қабылданатын болады.  
  • Әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.   
  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінің жобасын дайындауға қатысудамыз. 

 

ОТЫН КӨЗДЕРІНІҢ БАЛАМАЛЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес газ мотор отынына еліміздегі автокөліктерді ауыстыруға ынталандыруды көздейтін Қазақстан Республикасының газ-мотор отын нарығын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді.

Сығылған табиғи газбен (СТГ) автокөлік құралдарын қамтамасыз ету үшін автомобилдік газ толтыратын компрессорлық станциялардың (АГТКС) желілерін дамытуды «ҚазТрансГаз» АҚ және «ҚазТрансгаз Өнімдері» ЖШС газдандырылған облыс әкімдіктерімен келісімдер және меморандумдар жасау арқылы іске асырады. Өз кезегінде, «ҚазТрансГаз» АҚ жедел ақпаратқа сәйкес жаңа тұтынушылар үшін АГТКС құрылысын ескере отырып, өңірлерде СТГ қолдануды кеңейту бойынша газдандырылған облыс әкімдіктерімен 7 меморандум мен келісімдерге қол қойды. Қазіргі уақытта ҚР-дағы жеке құрылысты есептегенде, СТГ іске асыратын 12 АГТКС жұмыс істейді.