Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ҚТГ АҚ компаниялар тобының өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілеріне, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Еңбекті қорғауды басқару бірыңғай жүйесіне» (ЕҚББЖ) және ҚТГ еншілес және тәуелді ұйымдарының ЕҚББЖ сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласында ҚТГ компаниялар тобындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізілді. ЕТҰ басшыларының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздік саласында жүргізілген жұмыс туралы есептері тыңдалды. Есептер оң қабылданды, бұл ретте хаттамалық шешімде жоғарыда көрсетілген жұмысты жақсарту үшін одан арғы міндеттер белгіленді.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша «Алтын қағидалар» қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің Кодексі орындауға қабылданды.

ҚТГ қатысуымен «ҚазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС-ға «Қаз|МұнайГаз» ҰК АҚ бекіткен «Жердегі көлік құралдарын қауіпсіз пайдаланудың регламенті» енгізілді. 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзара қарым-қатынастарды жетілдіру және ынтымақтастық мақсатында Қазақстан-қытай газ құбырларында - «Азиялық Газ құбыры» ЖШС-да (бұдан әрі – АГҚ) мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры» ЖШС-да (бұдан әрі – БШГҚ) 2015 жылғы қазанда Астана қаласында қытайлық әріптестермен АГҚ мен БШГҚ бәрлескен кәсіпорындарының өндірістік объектілеріндегі TAPLine компаниясы ұсынған ЕҚ, ТҚ және ҚҚ бойынша 39 басқарушылық құжаттарды (стандарттарды) қолдану мүмкіңдігі туралы мәселелерді қарастыру және талқылау бойынша екіжақты кеңес өтті. Кеңес хаттамасымен Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес ҚТГ, АГҚ және БШГҚ ескертулері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, түзетулерді енгізгеннен кейін АГҚ мен БШГҚ-ға 11 басқарушылық құжаттарды (стандарттарды) қолдану мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

 

Еңбекті қорғау

ҚТГ компаниялар тобы  өндірістік объектілерін  барып (ішінара) тексерулер нәтижелері бойынша  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қорытындыларымен расталған  еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша есептіліктің 100% ашықтылығына қол жеткізілді. ҚТГ компаниялар тобы  бойынша ашық есептілікті қамтамасыз ету ДБКАЖ бағдарламасына оқиғалардың барлық түрлері бойынша дұрыс деректерді уақытында енгізу жолымен жүзеге асырылады. 

Еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес мыналар: көп деңгейлі бақылау, оқыту және білімдерін тексеру, еңбек жағдайлары бойынша объектілерді аттестаттау, еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайларын жасау, арнайы киіммен қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, медициналық және ауысым алдындағы куәландырудан сақтандыру жөніндегі шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2016 жылы өндіріспен байланысты үш жазатайым жағдай болды:

 2016 жылы 17 ақпанда  11 сағат 20 минутта аралықтар арасындағы қабырғаға саңылаулар ою бойынша жұмыстарды орындау кезінде  «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтау МГБ Жаңаөзен ЖӨБ ЭСҚ қызметінің дәнекерлеуші-жөндеушісі К.Т.Тәжмағамбетов төмен түсу кезінде  шалыс басып 1,5 метрлік биіктіктегі жиналмалы  ұзартқыш баспалдақтан құлады, құлау нәтижесінде  омыртқасын зақымдап алды;

2016 жылғы 31 мамырда бекітілген автомобильдің рейс алдындағы жұмыстарын және күн сайынғы қарап тексеруін  жүргізу шеңберінде жүргізуші Б.К.Қарабашев дөңгелектердің, оның ішінде тіркеменің бортында тұрған артық дөңгелектің жай-күйін тексерген.  Бұл ретте ол тайып кетіп, тепе теңдігін жоғалтып, тіркеме борты бұрышына  арқасымен соғылып құлаған.  Құлау нәтижесінде кеуде-бел бөлігінің арқа жұлынынан жеңіл дәрежелі соғылу алды;

2016 жылғы 20 желтоқсанда шамамен 16 сағат 15 минутта трассадағы жұмысты аяқтағаннан кейін,  құрамында жүргізуші Н. Надырбай, инженер Н.У. Зулкашев бар бригада Камаз автомашинасымен  орналасқан жерлері бойынша КС-13-ке қайтып келе жатты. Қозғалыс жолында КС-13-ке 36 км жетпей, автомобиль қар басып қалған шұңқырға түсіп кетті. Машина қисайғанда Н.У. Зулкашев орындыққа соғылып, тірек-қозғалу жүйесінің зақымын алды және саусағын кесіп алды. 

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен жұмыскерлер  емдеу курсынан  өтті.

 

Өрт қауіпсіздігі

Есепті кезеңде ҚТГ компаниялар тобы объектілерінде өртке қарсы іс-шаралар жүргізілді. Олар: өрттен қорғау өңдеуі, өрт сөндіргіштерді жөндеу, куәландыру және қайта зарядтау, персоналды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және нұсауқаулық беру, автоматты өрт сөндіру және дабыл беру жүйелерін монтаждау, өртке қарсы атоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы сумен жабдықтауды монтаждау және жөндеу сияқты іс-шаралар.

Объектілерді өрттен қорғауға арналған шарттар жасалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының объектілерінде есепті кезеңде өрт пен тұтануларға жол берілген жоқ.

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Есепті кезеңде ҚТГ ҚТГ компаниялар тобы бойынша мынадай. құбырларды диагностикалау, құбырлардың ақаулы учаскелерін ауыстыру, крандарды ауыстыру, құбырларды оқшаулауды ауыстыру, персоналды оқыту және білімдерін тексеру, өндірістік объектілерді декларациялау, өндірістік бақылау сияқты іс-шаралар өткізілді.  

Бұрқаққа қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, объектілерді өртке қарсы іс-әрекеттерден күзетуге арналған шарттар жасалды.

 

Қоршаған ортаны қорғау

Парник газдары шығарындыларының көздерін жыл сайынғы түгендеу және парник газдарының паспорттарын мемлекеттік кадастрда одан әрі тіркеу үшін уәкілетті органға тапсыру жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі өткізген ҚР «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде еуропалыққа жақындатылған ПГ шығарындылары жөніндегі жаңа стандарттарға көшудің қағидаттары мен жол картасын әзірлеу жөніндегі кеңестерге де қатысты. 

ҚР ЭМ, «KazEnergy» АҚ-ның ұсынуы бойынша ҚТГ қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілерін қарастырды, оның ішінде:

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы;

Парниктік газдардың шығарындыларына  квоталар бөлудің 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары;

«Квоталар бөлінетін субъектілер үшін паниктік газдарды түгендеу туралы есеп нысандарын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрі бұйрығының жобасы;

 «Өндіріс қалдықтары мен тұтынудың мемлекеттік кадастры»;

 «Өнімдер үшін бенчмарктердің өзектілігін бөлуді ынталандыру» және  «Квоталарды бөлу әдіснамасы» техникалық есеп.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГБ КС-14 компрессорлық  станциясында метанның жылыстауын табу және сандық өлшеу бойынша «Carbon Limits AS» норвегиялық компаниясымен  бірлескен жұмыс жүргізілді.