Кадрлық саясат

ҚТГ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, әлеуметтік прогреске және қоғамның әл-ауқатының өсуіне жәрдемдесуге, өңірлер халқының тұрақты дамуына және салауаттылығына, өз қызметкерлерінің әл-ауқат деңгейін арттыруға күш-жігер салады. Қоғам саясатының негізі – әрбір қызметкердің қамы, әлеуметтік мәселелерді шешу басымдығы.

Бүгінгі өзгерістер тұрғысынан ұйымның сыртқы орта жағдайларына сәйкестігін қамтамасыз ететін инновацияларды уақтылы енгізу қажеттілігі бар. Бұл ретте кадрлық саясаттың қызметкерлердің негізгі мүдделерін қозғайтын (мысалы, жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу саясаты), алдын ала біліп отыруға және тұрақты болуға тиіс бөлігінен басқа, кадрлық саясат үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаның жаңа талаптарына жауап ретінде іске асырылуына қарай пысықталып отырады.

Кадрлық саясат персоналмен жұмыс саласындағы үздік тәжірибені ескере отырып, осылайша, бірыңғай тәсілді қалыптастыруға және ҚТГ-ның персоналды басқару саласындағы құндылықтарының корпоративтік жүйесін әзірлеуге мүмкіндік жасаумен кадрлық менеджменттің бар тәсілдерін, жолға қойылған әдістері мен құралдарын біріктіруге шақырады.

Әзірленетін Кадрлық саясаттың негізіне мынадай базалық қағидаттар алынған:

  • Ашықтық – адам ресурстарын басқару процесінің барлық кезеңіндегі ашықтық;
  • Кешенділік – персоналды басқару қызметінің барлық салаларын қамту;
  • Жүйелілік – саясаттың өзара байланыстағы барлық құраушы элементтерін қарау;
  • Негізділік – персоналды басқару саласында ең жоғары экономикалық және әлеуметтік нәтижені қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелерді пайдалану;
  • Тиімділік – персоналды басқару саласындағы іс-шаралар шығындары өндірістік қызмет нәтижелерімен өтелуі тиіс.

Компаниялар тобының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау

Қоғамның компаниялар тобы ұжымдарда салауатты жұмыс микроахуалын құруға бағытталған әлеуметтік сипаттағы төлемдердің өсуіне үлкен назар аударады, бұл қызметкерлердің өздерінің негізгі функцияларын сәтті орындауына мүмкіндік береді. Қоғам қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету саласындағы бірыңғай корпоративтік саясатты айқындайды және салмақты үлесін материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, әлеуметтік кепілдіктер құрайтын әлеуметтік сипаттағы төлемдерге үлкен назар аударады.

«ҚазТрансГаз» АҚ өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды, материалдық көмекті, оның ішінде еңбек демалысы кезінде қызметкерлердің емделуі мен сауықтыруына  арналған әлеуметтік қызметтер пакетін және көптеген басқаларды ұсынады. Ұжымдық шарттар мен Әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы негізінде 2016 жылы Қоғамның компаниялар тобының қызметкерлеріне материалдық көмектің мынадай негізгі түрлері төленді: 

- демалысқа сауықтыруға берілетін материалдық көмек – 3 185 561 мың теңге;

- бала туылғанда – 133 528 мың теңге;

- қызметкердің отбасы мүшесінің қайтыс болуына байланысты – 62 280 мың теңге;

- жүктілігі мен бала тууы, жаңа туған ұл баланы және қыз баланы асырап алуы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар  – 48 983 мың теңге;

- курорттық аймақтарға сауықтыру сапарларына – 91 862 мың теңге;

- өзге төлемдер (некеге тұруына байланысты, зейнеткерлікке шығу кезінде, мерейтойлық түндерге және т.б.) – 88 170 мың теңге.

Корпоративтік рухты нығайту, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында, ҚТГ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде 2016 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында ҚТГ компаниялар тобының қызметкерлері арасында Спартакиада өткізілді. Спартакиадада бірінші рет командалар Қоғам қатысатын бір өңірде орналасқан ЕТҰ қызметкерлерінен - «Астана», «Алматы», «Батыс», «Оңтүстік» командалары қалыптастырылды.

Балаларға арналған іс-шараларды өткізуге және қызметкерлердің 7-ден 14 жасқа дейінгі балалаларына демалыс ұйымдастыруға 2016 жылы 45 415 мың теңге бөлініп, игерілді.

Қоғамның компаниялар тобы бойынша әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы (жұмыс берушінің әлеуметтік төлемдерін ескере отырып) 2016 жылы 4 507 367 мың теңгені құрады.

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек жағдайлары, өмір сүру сапасы

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек жағдайлары, өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін ҚТГ компаниялар тобының бюджеттерінде жыл сайын Қазақстанның ең үздік клиникаларындағы медициналық қызметтердің кең спектрін қамтитын ерікті медициналық сақтандыруға қаражат көзделеді. Бұл ретте қызметкерге медициналық қызмет көрсету бағдарламасына медициналық қызметтердің бүкіл спектрін ұсынумен қатар дәл сол шарттарда оның отбасына (ері, зайыбы және балалары) қызмет көрсету көзделген. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясы ұсынатын қызметтердің аясында физиологиялық жүктілік патронажы көзделген.

Мәселен, егер 2016 жылы Қоғамның компаниялар тобының қаражаты есебінен жалпы сомасы 851,5 млн. теңгеге қызметкерлерді медициналық сақтандыру, оның ішінде 50 млн. теңгеге «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлерін сақтандыру жүзеге асырылды.

Газ саласы қызметкерлерінің көпшілігінің жұмысы магистральдық газ құбырына байланысты және бір жағынан, қатаң климаттық жағдайлармен (ауыз судың жай-күйі, шаңды дауыл және т.б.), ал екінші жағынан, транзиттік газ құбырлары көбінесе елдің экологиялық жағынан қолайсыз өңірлері арқылы өтетіндігімен сипатталатыны белгілі.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңнамасына сәйкес Арал өңіріндегі тұрғындарға негізгі жалақыларына 20 %-дан 50 %-ға дейінгі мөлшерде экологиялық коэффициент есептеледі, сондай-ақ саны 6-дан 12 күнге дейін қосымша демалыс беріледі.

Қызметкерлердің ауруларының алдын алу, сондай-ақ демалыс кезеңінде оларды емдеу мен оңалту жөнінде жұмыс жүргізіледі.

Қоғам әлеуметтік сипаттағы төлемдерді өсіруге көп көңіл бөледі, олардың қомақты үлесін әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер құрайды. Ең алдымен олар әлеуметтік әріптестік негізінде ұжымдардағы дұрыс жұмыс микроахуалын құруға бағытталған, бұл өздерінің негізгі функцияларын табысты орындауына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қоғамда қызметкерлердің кәсіптік одақтарының қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді, жұмыс шеңберінде олармен қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында ұжымдық шарттар жасалған, олар қызметкерлерге еңбек заңнамасында белгіленгеннен едәуір асып түсетін әлеуметтік кепілдіктерді, төлемдерді және өтемақылар мен жеңілдіктерді көздейді, мысалы:

- алғашқы некеге тұруға, бала туылуына байланысты, жақындарының қайтыс болуына байланысты жерлеуге және т.б. арналған төлемдер;

- жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты қосымшаақы төленетін демалыстар;

- қызметкерлердің санаторлық-курорттық емдеу құнының және компания қызметкерлерінің балаларына балаларға арналған сауықтыру лагерлеріне жолдамалар құнының 75 %-ына және одан астам бөлігіне ақы төлеу;

- және т.б. сияқты.

Компаниялар тобының қызметкерлерін даярлау, оқыту және біліктілігін арттыру

Персоналдың қозғалысы барынша болжанатын, жоспарланатын және компанияны дамытудың жалпы тұжырымдамасына сәйкес келетін болуға тиіс екенін назарға ала отырып, оның кадрлық әлеуетін күшейту үшін барлық мүдделі тараптар: студенттер, білім беретін ұйымдардың өкілдері және Қоғам үшін жалпы кешенді тәсіл қажет. Сондықтан пайда болатын бос орындарды жоспарлы түрде толтыру мақсатында, сондай-ақ қандай да бір бағыттағы лауазыммен қойылатын талаптарға жауап беретін жас мамандар тобын қалыптастыру үшін ЕТҰ-да Жас мамандарды даярлау қағидалары әзірленіп, бекітілді. Бұл ішкі құжат жас мамандарды даярлауға қажеттілікті айқындау, кандидаттарды жинау тәртібін, Қазақстан Республикасының, таяу және алыс шетелдің оқу орындарына оқуға жіберу тәртібін сипаттайды. Қазіргі уақытта штаттан тыс кадр әлеуетін дамыту жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді, осы мәселе бойынша жоғары оқу орындарымен хат алысу жүргізілуде. Үздік техникалық жоғары оқу орындары базасында Қоғамның компаниялар тобы ұйымы үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлау жоспарланып отыр.

ҚТГ қызметкерлері Астана қ. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» жеке мекемесі базасында да, Қазақстан Республикасының, таяу және алыс шетелдегі басқа да оқу орталықтарының базасында да біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға, тағылымдамадан өтуге және тренингтерге қатысады.

ҚТГ-да персоналды дамытуға бағытталған «Даярлау және біліктілікті арттыру» сияқты бағдарламалар әрекет етеді, сондай-ақ «Жас маман» бағдарламасы әзірленген.

ҚТГ компаниялар тобы кадрлық резерві қалыптастырылды.

«Даярлау және біліктілікті арттыру» - Компанияның персоналын дамыту жөніндегі тұрақты әрекет ететін бағдарлама.

ҚТГ-да  даярлау мен біліктілікті арттыруға бағытталған персоналды дамыту жөніндегі бағдарлама әрекет етеді. Жыл сайын ҚТГ-ның бюджетінде персоналды оқытуға және біліктілігін арттыруға қаражат көзделеді. ҚТГ-да ПР ҚР 51.3-002-2004 Магистральдық газ құбырларын техникалық пайдалану қағидаларына («Персоналды техникалық даярлау» деген 1.2-т.) сәйкес магистральдық газ құбырларының техникалық объектілерін әлеуметтік жағынан даярланған персонал пайдалануға тиіс. Қауіптілігі жоғары объектілерге қызмет көрсететін персонал мемлекеттік техникалық қадағалау жергілікті органдарымен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіпорындар арнайы құратын курстарда даярлаудан (қайта даярлаудан) өтуге тиіс.

 2016 жылы ҚТГ компаниялар тобы 4 442 қызметкерді жалпы сомасы  288,823 млн. теңгеге оқытты, олар Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан оқытушы ұйымдар мен оқу орталықтарының базасында даярлықтан өтеді және өздерінің біліктілік деңгейін арттырады. Жұмыс персоналын кәсіптік оқыту және дамыту ҚТГ кадрлық саясатының ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі болып табылады, өйткені жұмысшы кадрлардың кәсіптік деңгейі қауіпсіз өндірістің тиімділігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсіру мен жұмыстың сапасын жақсартудың маңызды факторы болып табылады.

Жас мамандарды сапалы кәсіптік даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. ҚТГ-да ҚТГ қызметкерлері балаларының Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта «Жас маман» бағдарламасы әзірленген. Жоғары оқу орындарында Қоғамның қаражаты есебінен республикамыздың жас азаматтары білім алуда, олар оқуды бітіргеннен кейін газ саласына жұмысқа келеді.

Бұдан басқа, 2016 жылы «ҚТГ компаниялар тобы бойынша кадрлық резерв» жобасының шеңберінде 8 қызметкер «КИМЭП Университеті» АҚ-да басқарушылық кадрлар үшін магистратуралық бағдарламаға түсті. 

Демеушілік және қайырымдылық

2016 жылы «ҚМГ ҰК АҚ-да демеушілік көмек көрсету саясатының» күшіне енуіне байланысты демеушілік көмек көрсету тоқтатылды.