«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметінің қаржылық және өндірістік көрсеткіштері

Финансовые и производственные показатели деятельности группы компаний АО «КазТрансГаз»:

ЕТҰ бөлігіндегі негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер

«ҚазТрансГаз» АҚ Корпоративтік орталығы қызметінің негізгі түрі газды сыртқы және ішкі нарыққа өткізу, сондай-ақ газ өткізу, тасымалдау және тарату газ құбырларын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын еншілес және тәуелді ұйымдарға жетекшілік ету болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның орталық аппараты бойынша 2016 жылы топішілік операцияларды алып тастамай, табиғи газды өткізу 16 715 млн м3 құрады, оның ішінде экспортқа – 4 323 млн. м3.

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі – «ИОА АҚ) қызметінің негізгі бағыттары магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша табиғи газды тасымалдау, жерасты қоймаларында газ сақтау жөніндегі қызметтер көрсету, магистральдық газ құбырлары мен бөлу желілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету.

Табиғи газды тасмалдау Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумақтары бойынша жүзеге асырылады.

Табиғи газды тасымалдау Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағы бойынша жүзеге асырылады.

Халықаралық тасымалдау «ИОА» АҚ бизнесінің негізгі кіріс көзін құраушы болып табылады.

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі қызметі магистральдық және тарату газ құбырлары бойынша қызметтер көрсету, маркетинг, сатып алу және газды тұтынушыларға өткізу болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басым міндеттері «ҚазТрансГаз Аймақ» болатын өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (халықты, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды) авариясыз, іркіліссіз және қауіпсіз  газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету болып табылады. 

 

«Амангелді Газ» ЖШС

«Амангелді Газ» ЖШС қызметінің негізгі түрі газа және газ конденсатын өндіру болып табылады.

2016 жыл үшін газ және газ конденсатын өндіру көлемдері бөлігіндегі өндірістік бағдарламасын орындау  тиісінше 109% және 112 % құрады.