«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бойынша 2016 жылы ИМЖ саласында іске асырылған іс-шаралар, сертификаттау органдары және сертификаттар берілген жылдар жөніндегі ақпарат

 

«ҚазТрансГаз» АҚ

Өткізілген іс-шаралар

Сертификаттау жөніндегі орган

Сертификат берілген жыл

1. «Кемелділікке ұмтылу» деңгейінде  Еуропалық іскери кемелділік моделімен (EFQM) біріктірілген сериялары ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде консалтинг өткізілді.

2. Сериялары ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне  ИМЖ  сертификациялық аудиті өткізілді.  

3. «Кемелділікке ұмтылу» деңгейінде  Еуропалық іскери кемелділік моделіне «EFQM - 2013» сыртқы бағалау (валидация) жүргізілді.

4. «ҚазТрансГаз» АҚ-да және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарында ИМЖ ішкі аудиті өткізілген.

AFNOR Certification 

2016ж.

 «Интергаз Орталық Азия» АҚ

1. Сериялары ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008), СТ РК ИСО 14001-2006 (ISO 14001:2004), СТ РК OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) мемлекеттік және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікке интеграцияланған менеджмент жүйесіне  сертификаттау аудиті өткізілді.

2. «Кемелділікке ұмтылу» деңгейінде  Еуропалық іскери кемелділік моделіне «EFQM - 2013» сырттай бағалау (валидация) өткізілді.

3. Азиялық сапа ұйымының (AsiaNetworkforQuality, ANQ) сапа менеджменті саласындағы кемелділік және ең үздік практика үшін Азиялық награда алынды.

4. «Кемелділікке ұмтылу» деңгейінде  Еуропалық іскери кемелділік моделіне EFQM сәйкес 3 жұлдызды «Кемелділікті тану (Recognized for Excellence)» деңгейіне сыртқы бағалау  (ассесмент) өткізілді.

 

AFNOR Certification /

ТОО «Asia CertLine»

2016ж.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

1. EFQM іскерлік жетілдіру моделін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді, «Жетілдіруді тану» деңгейі, 5 жұлдыз.

2. ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған аудит, сондай-ақ 50001:2012 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес ИМЖ байқаушы аудиті өткізілді.

 

AFNOR Certification

2017ж.

«Амангелді Газ» ЖШС

1. ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде консалтинг өткізілді.

2. ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ИСЖ сертификатталған аудиті өткізілді.

 

AFNOR Certification 

2016ж.

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС

ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ИСМ екінші байқаушылық аудиті өткізілді.

TÜV Thüringen e.V.

2016ж.

«Азиялық газ құбыры» ЖШС

1. ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ИСМ екінші байқаушылық аудиті жүргізілді...

2. Энергетикалық менеджмент жүйесін құжаттау және енгізу бойынша жұмыс өткізілді.

3. ISO 50001:2011 сериялы халықаралық стандарт талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесінің сертификатталған аудиті өткізілді.

Quality Austria Trainings, Certification and Evaluation Ltd

2014 ж.

(ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007) 2016 ж.

(ISO 50001)

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС

1. ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттар енгізу бойынша консалтинг өткізілді.

2. ISO 9001:2008, ISО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сериялы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ИСМ сертификатталған аудиті өткізілді.

AFNOR Certification 

2016ж.

«ҚазРосГаз» ЖШС

ISO 9001:2008 сериялы халықаралық стандарт талаптарына сәйкес СМД сертификатталған аудиті өткізілді.

«Bureau Veritas Kazakhstan» ЖШС

2016ж.

 

ҚТГ  басқарманы, кәсіпорынның табысын ұлғайту, персоналдың материалдық әл-ауқатының деңгейін арттыру, серіктестер мен жеткізушілердің  іскерлік мүмкіндіктерінің өсуіне жәрдемдесу арқылы  қызметтің сапалы деңгейі  барлық мүдделі тараптардың талаптары мен үміттеріне сәйкес болатындай ұйымдастыруға тырысады. Бұл ретте ҚТГ персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмауға ұмтылады.

Сапаны арттыру, қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмау, ҚТГ-да кәсіптік тәуекелдердің төмендеуін қамтамасыз ету бойынша  қызметтің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  • Бизнес-процестерді талдау, ол мүмкін болған жерлерде процестерді автоматтандыруды енгізу және оларды біртіндеп кері инжинирингтеу  арқылы қызметтің тиімділігін үздіксіз арттыру; басқарушылық технологиялар саласын ұдайы зерттеу және озық тәжірибені пайдалану;
  • Көшбасшылыққа ұмтылуды қолдау және барлық деңгейлерде бастамашылқ, ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілігін және кәсібилігін арттыру; 
  • Инновациялық технологияларды  енгізу және қызметтердің жаңа түрлерін игеру саласында бизнес-серіктестердің сенімді қатынастарын қалыптастыру;
  • Қолайлы  әлеуметтік-психологиялық ахуал құру, персоналдың уәждемесін арттыру;
  • Өндірістік қызметке қатынастар бойынша адамдардың өмірі мен денсаулығының басымдығын сақтау;
  • Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және интеграцияланған менеджмент жүйесіне тәуекелді-бағдарлы тәсілмен әркет ету жолымен проблемалар туындауының, олардың себептерінің алдын алу;
  • осындай әсер етулердің салдарымен күресу бойынша әрекеттер алдында қоршаған ортаға теріс әсерлерді болдырмау бойынша алдын алу әрекеттерінің басымдығы арқылы қоршаған ортаны ластаудың алдын алу; 
  • Сапа менеджменті жүйесінің, денсаулықты сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің,  экологиялық менеджменті жүйесінің заңнамалық, нормативтік талаптарға, сондай-ақ мүдделі тараптар  талаптарына  сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Барлық қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау, кәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке  белсенді қатысуға бірізділікпен тарту. Осы қатысуды уәждеу, сондай-ақ осы көрсетілген салалардағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру;
  • Интеграцияланған менджмент жүйесін ұдайы жақсартуды, оның нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.