ҚазТрансГаз"ҚазТрансГаз" компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес құрылған, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес «ҚазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы болып қайта құрылымдалды. 2004 жылғы 9 маусымдағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №13898-1901-АҚ куәлігін Астана қаласының Әділет департаменті берген.

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүдесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

ҚазТрансГаз – тұтынушыларға сенімді газ жеткізіп отырған Орталық Азия өңіріндегі ірі газ тасымалдау желісі және ішкі газ жабдықтау жүйесі бар іргелі компания.      

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ оның Жалғыз акционері болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ басқаруында 316 газ айдаушы агрегаттар, 3 жер асты газ сақтау қоймалары (Бозой, Ақыртөбе, Полторацкое) 40 мың шақырымнан астам ішкі газ тарату желілері, 18 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырларын  қамтитын  үлкен газ тасымалдау инфрақұрылымы бар. Компания ел ішінде 8 миллионнан астам тұтынушыларға, 30 мыңнан астам кәсіпорындарға тауарлық газды жеткізеді. Осы жүйенің үздіксіз және апатсыз жұмысын 11 мыңнан астам адам қамтамасыз етуде. 

Отандық газдың 35%-ға жуығы Қашаған кен орнына,  23,2% - Қарашығанақ, 17%-ы - Теңіз кен орнына тиесілі.  

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызмет аясы Қазақстанның 10 өңірінде жүргізілуде: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары.  

 

ҚазТрансГаз

Компания құрылымы

ҚазТрансГаз компаниялар тобына 13 еншілес және тәуелді компания кіреді, олар мынадай бизнес-бағыттар бойынша берілген:

  • ресурстық базаны кеңейту: «Амангелді Газ» ЖШС, «ҚМГ-Қансу оперейтинг» ЖШС, «Сарыарқа Газ Даму» ЖШС;
  • магистральдық тасымалдау: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС,  «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС, «ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ, «Астана Газ ҚМГ» АҚ; 
  • газ тарату жүйелері бойынша тасымалдау: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ;
  • газбен жүргізілетін сауда операциялары:  «ҚазТрансГаз - Өнімдері» ЖШС, «ҚазРосГаз» ЖШС.
  • өзге де ЕТҰ: «Intergas Finance B.V.»

 

Газ өндіру    

 «Амангелді Газ» ЖШС-ның 2016 жылы газ өндіру көлемі 327,0 млн.м3, (300,639 млн.м3 – 2015 ж.) және  газ конденсаты 21,0 мың тоннаны (18,583 мың  тонна – 2015 ж.) құрады. 2015 жылмен салыстырғанда газ өндіру 9 %-ға артқан. 2017 жылы 387,6 млн.м3 газ және 21,1 мың тонна газ конденсатын өндіру жоспарланған. 

 

Газ тасымалдау

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының 2016 жылғы магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдаудың барлық көлемі  88,3 млрд. м3 құрады. 2017 жылы  111,3 млрд. м3 газ тасымалдау жоспарланған. 

2016 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбыры бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдау көлемі 67,0 млрд. м3, оның ішінде халықаралық транзит көлемі 41,5 млрд. м3, ішкі тасмалдау бойынша газ көлемі 12,3 млрд. м3, экспортқа газ тасымалдау көелімі 13,2 млрд. м3 құрады. 

<p"> «Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбыры бойынша «Азиялық Газ құбыры» ЖШС  17,6 млрд. м3 (15,658 млрд. м3 - 2015 ж.) көлемді тасымалдады.  «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбыры бойынша  тасымалдау көлемі 1083 млн. м3 құрады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ магистральдық газ құбыры бойынша газ тасымалдау көлемі  Маңғыстау облысында 2,6 млрд. м3 (2,495 млрд.м3 – 2015 ж.) құрады. 

 

Табиғи газды өткізу  

Табиғи газды өткізу есептік кезеңде  16,0 млрд. м3 (14,057 млрд.м3 – 2015 ж.) құрады, бұл жоспардан  4%-ға жоғары және 2015 жылға қарағанда 14%-ға көп, оның ішінде экспортқа 4,3 млрд. м3 өткізілді. 2017 жылға 15,5 млрд. м3 жоспарланған.