2017 жылғы 19 қыркүйекте «ҚазТрансГаз» АҚ АҚШ доларымен деноминацияланған және Ирландия қор биржасы («ISE») мен Қазақстан қор биржасында («KASE») екі мәрте листингілеуден өткен, жалпы атаулы көлемі $750 млн еурооблигацияларының алғашқы шығарылымын орналастырды.

Осы жасалған мәміле «КазТрансГаз» АҚ қазақстандық және халықаралық қарыз капитал нарығында көптен күткен алғашқы мәмілесі болды. Инвесторлар осы орналастыруға үлкен қызығушылық туғызды, өтінімдердің жаһандық кітабы ұсынымынан бірнеше есе артты. Орналастырудың шарықтау шыңында өтінімдердің көлемі  $3,4 млрд. жетті. Сондай-ақ, орналастыру Қазақстандағы инвесторлардың да қызығушылығын тудырды,  KASE жариялаған сауда-саттық аясында еурооблигацияларды сатып алуға $100 млн астам сомаға өтінімдер берілді.

Мәміле барасында кірістілігі бағыты (YTM) алғашқы жарияланған деңгейден 4,7% -дан 4,5-4,6% аралығында, кейін тарихи ең төменгі деңгейден  4,4% төмендеді, бұл орналастыру үшін қортынды мөлшерлеме болды. Салыстыру ретінде ағымдағы жылдың наурыз айында  «Газпром» ЖАҚ АҚШ долларымен деноминацияланған жалпы көлемі  $750 млн 10 жылдық еурооблигацияларды кірістілік мөлшерлемесі  4,95% орналастырды, ол 55 bps (базистік нүктеге) «ҚазТрансГаз» АҚ алғашқы орналастыру бойынша мөлшерлемеден асады. Жалпы алғанда, «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымы ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің еуроблигацияларын қисық нарықтық кірістілік нарығында орналастырды, ол халықаралық капитал нарығында жайлы жағдайда  борыштық міндеттемелерді орналастыру үшін қолайлы уақытты таңдағанын атап өтуге болады.

Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, VTB Capital plc, бірлескен жетекші менеджерлер және бірлескен букраннерлер ретінде; ал  KASE – «SkyBridge Invest» АҚ қазақстандық жетекші менеджер ретінде қатысты.  Компания орналастырудан түскен қаржыны бридж қаржыландыру және жалпы корпоративтік мақсаттарды өтеуге бағыттауды көздеп отыр.