«ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметі стратегиялық бағыттарының бірі корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қоғам тиімді корпоративтік басқару оның капиталының тұрақты өсуін қамптамасыз етудің негізгі алғышарты деп санайды, корпоративтiк жанжалдар пайда болу ықтималдығын төмендету, Қоғамның инвесторлар үшін тартымдылығын көтеру және имиджіне оң ықпал ету.

Корпоративтiк басқарудың мақсаты Қоғамның тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету, оның акционерлiк капиталының құнын көбейту, Жалғыз акционердiң мүдделерін іске асыру және инвестор құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғам корпоративтiк басқарудың маңыздылығын түсiне отырып, корпоративтiк басқарудың ұстанымдарын енгiзуге үлкен назар бөледi. 2009 жылы корпоративтiк басқарудың Кодексi бекітілді. Қоғамның корпоративтiк басқару кодексі Жалғыз акционер - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтiк басқару кодексiне сәйкес әзірленген.

Қоғам Жалғыз акционер, Қоғамның менеджментi және мүдделi адамдар қызығушылықтарының теңгерiмін белгiлеуге ұмтылады, сонымен бірге холдинг компания ретінде Қоғам корпоративтiк басқару жүйесi корпоративтiк баспалдақтың бiрнеше деңгейлерiнің: Қоғам акционерлері жалпы жиналысы, Директорлар кеңесi, Қоғамның атқарушы органы және ЕТҰ басқару органдарының өзара iс-әрекетінен тұрады.

Корпоративтiк басқару тиiмдi жүйесiн жасау бойынша даярлайтын шаралар шеңберiнде холдингтiң ұйымдық құрылымына өзгерiстер енгiзілген: Қоғам газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор ретінде меншiктiң құрылымын бұзып кету мүмкiндiгiн шектеуге, ақпаратты жариялауға шығындарды азайтуға, басқарушылық шешiмдердi қабылдау рәсiмiн жеңiлдетуге бағытталған корпоративтiк орталық болып табылады.

Қоғам өз еншiлес және тәуелдi қоғамдарын басқаруда бақылаудың дәрежесiн едәуiр жоғары деп белгілеген. Өйткені, ЕТҰ қызметі ұлттық оператордың стратегиялық мүдделерін ұсынады және Қазақстан Республикасының тұтынушыларын тауарлық газбен үздiксiз және қауiпсiз жабдықтау бойынша холдингтiң өндірістік процесiне қосылады.

ЕТҰ, акционерлер қоғамы және атқарушы органдар, директорлар кеңесi жалпы жиналысы аралығында функцияларды оңтайлы бөлу жарғыларда бекiтiлген және ЕТҰ менеджментiне ағымдағы басқаруды жүзеге асыруға еш кедергi келтірмейді.

ЕТҰ-ға қатысты Қоғамның корпоративтiк басқару мақсаттары мен мiндеттерiн іске асыру үшiн бизнесті трансформациялау шеңберiнде корпоративтiк басқаруды жүргізу шеңберiнде лауазымды адамдар жауапкершiлiгiн және өкiлеттiктерiн регламенттеу және қайта бөлуін, корпоративтік өзара iс-әрекеттi бизнес-процестерін оңтайландыруды көздейтін олардың ұйымдастыру құрылымдарын қайта жобалау жүргiзiледі.

Қоғамда әр акционерлік компания үшiн тән қағидаларынан басқа (акционерлер және мүдделi жақтар құқықтарын сақтау, ақпараттық ашықтық, директорлар кеңесiнің бар болуы, компанияның басқару органдары арасындағы жауапкершiлiк және өкiлеттiктердің аражігін ажырату, меншiктiң айқын құрылымы, тиiмдi iшкi бақылау жүйесiнiң болуы) корпоративтiк басқарудың бiртұтас стандарттары енгiзіледi, Қоғамда Қоғам және оның ЕТҰ үшін жалпы стратегиялық мақсаттарды іске асыруын қамтамасыз ететiн корпоративтiк басқарудың бiртұтас стандарттарға қосылу ұстанымдарын белгілеуге болады.

ЕТҰ қызметіндегі Қоғамның мүдделері саясат (немесе бағдарлама) әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Корпоративтiк басқару, бiрнеше бағыттардан тұратын:

  • - ЕТҰ даму стратегиясын іске асыруын қалыптастыру және бақылау;
  • - ЕТҰ қызметі қаржы нәтижелерiн жоспарлау және бақылау, соның ішінде ЕТҰ табысын бөлу бақылауы және бағыттарын анықтау;
  • - ЕТҰ қаржы-шаруашылық қызметін, соның ішінде ЕТҰ активтермен мәмілені іске асыруын бақылау;
  • - бизнес басқару саласында ЕТҰ iшкi процестер тиiмдiлiгін үздiксiз жоғарылатуы;
  • - инвестициялық тартымдылықты және ЕТҰ капиталдануын артыруды қамтамасыз ету;
  • - ЕТҰ кадр саясатын қалыптастыру және іске асыру.

Қоғамда корпоративтiк басқарудың ең тиiмдi тетiктерiнің бiрi Қоғамның өкiлдерiн мүшелердiң көпшiлiгі құраған ЕТҰ Директорлар кеңестерi өкiлеттiктерiнің көбеюi болып табылады.

Халықаралық стандарттармен сәйкес жақсы тәжiрибенiң талаптарына корпоративтiк басқару деңгейiнің сәйкестiгі 2012 жылы 60,8%-ды құрады.

Корпоративтiк басқарудың үлгiсi «белсендi» акционер, Директорлар кеңесi, Басқарма және iшкi аудиттiң орталықтандырылған қызметiне қатысушылар құрамында бар Жалғыз акционермен анықталған.

Корпоративтік басқару кодексі (жүктеп алу)