Курманалиев Канат Рахимбергенович

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1967 жылғы 6 желтоқсанда Қарағанды қ. туған.

Білімі: 
• Целиноград ауылшаруашылық институты, мал дәрігері.
• М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті. «Газмұнай құбырларын және газмұнай қоймаларын жобалау, салу», инженер.

Жұмыс тәжірибесі:
• Газ саласында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
• 1997 ж. - «АлауТрансГаз» ЖШС директорының орынбасары.
• 1997-1999 жж. - «АлауТрансГаз» АҚ «АУГХ» ЖШС директорының орынбасары, директор.
• 2001-2004 жж. - «KTG distribution» ААҚ, «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» ЖАҚ, «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ бас директоры.
• 2004-2010 жж. – «Гидроизоляция» АҚ Басқармасының төрағасы.
• 2006-2010 жж. – «Сары-Арқа» АҚ әуежайы Директорлар кеңесінің төрағасы.
• 2010 ж. бастап бизнес құрылымдарында басшы қызметтерін атқарды.
• 2014 ж. қыркүйектен бастап 2015 ж. маусымды қоса алғанда - «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС бас директорының бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.
• 2015 ж. шілдеден 2017 ж. ақпанына дейін - «Амангелді Газ» ЖШС бас директоры.
• 2017 ж. 1 наурызынан «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі.
• 2017 ж. 13 наурызынан «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары.

Марапаттары:
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2015), «Құрмет» ордені (2016).