Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлы

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Директорлар Кеңесінің төрағасы 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті

Туылған жылы: 16.08.1963 ж.

Білімі: 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді, саяси ғылымдардың кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі:
— 1985-1999 жж. — Алматы қаласының бизнес салаларында жұмыс;
— 1999-2000 жж. — Тараз қаласының әкімінің орынбасары;
— 2000-2001 жж. — «Дәуір» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
— 2001-2004 жж. — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ маркетинг бойынша бас директордың орынбасары, департамент директоры, басқарма басшысы;
— 2005-2006 жж. — «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ кеңесшісі, коммерция бойынша басқару директоры;
— 2006-2009 жж. — «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
— 2009-2014 жж. — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы);
2014 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды. 2014 жылдың қазан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Газды тасымалдау және маркетинг жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылдың тамыз айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Газды тасымалдау және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент.
— «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі.

Марапаттары:
— Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Амангелді газ кен орнын игергені үшін» (2004 ж.) – Құрмет грамотасы ;
— «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігі (2008 ж.) - Медаль;
—«Құрмет» ордені (2010 ж.);
— «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) – Мерекелік медаль.
— «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) – Мерекелік медаль.

Қайрат Қаматайұлы жетекшілігімен  газ саласындағы жүзеге асырылған жобалар:
— Жамбыл облысында Амангелді газ кен орнын игеру;
— Оңтүстік Қазақстан облысындағы газ тарату жүйелерін қайта жөндеу және модернизациялау;
— Тараз қаласының газ тарату жүйесін қайта жөндеу және жаңалау;
— Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарындағы газ тарату желілерін кеңейтілуі;
— Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласын газдандыру;
— Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласын газдандыру;
— Жамбыл облысында жоғары қысымды «Қордай-Шу» газ құбырын салу және пайдалануға беру;
— Қызылорда қаласын газдандыру және облыс орталығын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралді газ құбыры желісіне қосу;
— Шәріпбаев Қ.Қ. тікелей басшылығымен барлық аймақтардың газ тарату жүйелерін бірыңғай ортақ ішкі газ тарату операторына біріктіру жұмыстары аяғына жеткізілді.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында алғаш рет ұзақ мерзімді инвестиционды тарифтерге көшу мүмкіндігі туды. Ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының газ тарату жүйесін модернизациялауға және кеңейтуге мүмкіндік туғызды.