Күшеров Даир Әділбекұлы

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (басқарма мүшесі)

1977 жылы 10 қаңтарда Маңғыстау облысы Шевченко қаласында туған. Қазақ.

Индиана университетін (Блумингтон қ., АҚШ, 1998) қаржы бакалавры мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Хапықаралық экономикалық қатынастар» факультетін (Алматы қ., 2001) «Мұнайбизнес» мамандығы бойынша бітірген; Инвестициялық менеджмент және зерттеулер жөніндегі ассоциацияның (АҚШ, 2003) «Сертификатталған қаржы талдаушысы» (СҒА) бағдарламасының бірінші дәрежесін еткен.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1998 жылдан - «Ақ ниет» зейнет активтерін басқару жөніндегі компманиясы бас бухгалтерінің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры (Алматы қ.).

2000 жылдан - «ABN AMRO Asset Management" ЗАБК ЖАҚ инвестициялық блогы бас бухгалтерінің орынбаспры, тәуекел-менеджері, брокерлік-дилерлік бөлімінің бастығы, портфельдік менеджері, бас портфелдік менеджері (Алматы қ.).

2005 жылдан - «Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қаржыландыру департамнті директорының орынбасары, директоры.

2006 жылдан - «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры.

2008 жылдың наурыз айынан - «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы директоры.

2008 жылдың қыркүйек айынан бері - «ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор.

Үйленген. 2 баласы бар.