Нұрланов Нұржан Нұрланұлы

Бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары (Басқарма мүшесі)

1988 жылы 10 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келді.

Білімі

— American InterContinental University London, бизнес администрлеу мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі (2010);
— University of Wales, маркетинг мамандығы бойынша магистр дәрежесі (2014);
— Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесі (2016);
— Экономика ғылымдарының кандидаты (2010), диссертация тақырыбы «Экономиканың нарықтық трансформациясы шартында қазіргі мекемелердің құрылу заңдылықтары».

Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс жолы 2011 жылдан басталды. "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция бойынша Ұлттық Агенттік" АҚ-да менеджерден инвестиционды қарым-қатынас департаменті директорына дейін көтірілді. Одан кейін жергілікті ынтымақтастық қызметінің басқарушы директоры болды.
2012 - 2013 жж ҚР Премьер Министрінің Канцеляриясында жергілікті даму бөлімінің эксперті қызметін атқарды.
2013 жылдың қыркүйек айы мен 2014 жылдың желтоқсан айы аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ финанс жөніндегі басқарушы директоры қызметінде істеді.
2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың ақпан айына дейін «ҚазТрансГаз» АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
2015 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг және коммерция жөніндегі басқарушы директоры.
2015 жылдың маусым айынан «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма мүшесі болып табылады.
2016 жылдың наурыз айынан осы күнге дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары (Басқарма мүшесі) қызметін атқарып келеді.