Абдрасулов Нұрлан Қадырұлы

Бас директордың кеңесшісі (басқарма мүшесі)

1963 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Білімі:

  • 1981-1987 жж. Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесі, «Өндірісті автоматтандыру және механикаландыру» факультеті.
  • 2000-2002 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Қаржы және несие» факультеті.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1987-1989 жж. С.М.Киров атындағы машинақұрылыс зауыты, мастер, аға мастер;
  • 1989-1990 жж. Алматы қаласының Қазақстан ЛКЖО Лениндік аудан комитеті, С.М.Киров атындағы машинақұрылыс зауытының комсомол комитетінің хатшысы;
  • 1990-1991 жж. Алматы қаласы Кеңес ауданы Атқарушы комитеті Кіші кәсіпорындарының аймақтық бірлестігінің директоры;
  • 1991-1995 жж. «Алматы тауарлық биржасы» АҚ Президенті;
  • 1995-1998 жж. «Хлебопродукт» АПОЗТ Президенті;
  • 1998-1999 жж. ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қару-Жарақ» РМК Бас директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары;
  • 2000 ж. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ салымшылармен жұмыс істеу департаментінің директоры;
  • 2000 -2002 жж. «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ келесі лауазымдарда жұмыс атқарды:
    • - Келісім-шарттар және клиринг департаментінің директоры;
    • - Келісім-шарттар және клиринг басқарма бастығы;
    • - Транспорттық логистика басқармасының бастығы;
  • 2002 ж. «ҚазТрансГаз» ЖАҚ сыртқы экономикалық байланыс басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2002-2004 жж. «ҚазРосГаз» ЖАҚ маркетинг және транспорттық логистика басқармасының бастығы;
  • 2004-2005 жж. «ҚазРосГаз» ЖАҚ өндірістік-коммерциялық департаментінің директоры;
  • 2005-2006 жж. «СпецТехСервис» ЖШС бас директоры;
  • 2006 ж. «ҚазРосГаз» ЖАҚ Газ маркетингі департаментінің директоры;
  • 2006-2015 жж. «ҚазРосГаз» ЖАҚ Бас директорының маркетинг бойынша орынбасары;
  • 2015 жылының ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының Кеңесшісі лауазымында қызмет атқарады.

Ғылыми дәреже, ғылыми атағы: экономика ғылымдарының кандидаты (И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті).

Мемлекеттік марапаттар, мадақтау:

  • ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл, «Транснефтегаз МК» ЖАҚ 10 жыл құрмет грамотасы;
  • Мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күніне «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ құрмет грамотасы (2004 ж.);
  • Республика күнінің 7-ші жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрінің құрмет грамотасы;
  • Мұнайгаз кешенінің қызметкерлері күніне орай Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрмет грамотасы (2006 ж.);
  • Мемлекеттік марапат – «Құрмет» ордені (2013 ж.).
  • Энергетика министрлігінің құрмет грамотасы (2016 ж.).