Сулейманов Рустам Эдуардұлы

"ҚазТрансГаз" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)

1973 жылы 4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. туған.

Білімі: Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірбиесі: Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Коммерциялық құрылымдарда экономист, қаржы инспекторы болып жұмыс істеді.

Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді.

1997-2000 ж. «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2000-2002 ж. KTG «Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті.   

2002 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма мүшесі болды.

2013 -2014 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).

2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары.

2015 жылдың ақпан айынан  «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі).

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы). 

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «KazEnergy» ЗТБ медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.