ӘБДIҒҰЛОВА НӘЙЛА ӨМIРЗАҚҚЫЗЫ

Аппарат басшысы (басқарма мүшесі)

1958 жылдың 26 сәуірінде Алматы облысында дүниеге келді.

Білімі: 1975-1979 жж. Қазақ ауылшаруашылық институты. «Ауыл шаруашылықтағы бухгалтерік есеп».

Жұмыс тәжірибесі:

1979 ж. Жамбыл обылстық өсімдіктер қорғау стансасы, бухгалтер;
1980-1992 жж. комсомол, партиялық және кеңес органдарында жұмыс істеді:
— Қазақстан ЛКСМ Күрті ауданының Бірінші хатшысы;
— Саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі;
— Партия райкомы идеологиялық кабинетінің меңгерушісі.
1992-1995 жж. Күрті ауданы әкімінің аппарат басшысы;
1995-1998 жж. Алматы облысы әкімінің көмекшісі, кеңесшісі;
1999-2000 жж. «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты;
2000 ж. бастап 2002 ж. дейін келесі лауазымдарда жұмыс атқарды:
— «Даур Лимитед» ЖШС әкімшілік департаментінің директоры;
— «Кітап» Баспа Үйінің» әкімшілік директоры.
2002 ж. бастап 2004 ж. дейін «Аймақтық газтранспорттау жүйесі» ЖАҚ әкімшілік департаментінің директоры, кадр бөлімінің бастығы қызметін атқарды;
2004 ж. бастап 2014 ж. дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ келесі лауазымдарда қызмет атқарды:
— Кадр бөлімінің бастығы;
— Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры.
2014-2015 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ адам ресурстарын басқару және ақы төлеу департаментінің директоры;
2015 жылдың ақпан айынан астап «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы қызметін атқарады.

Мемлекеттік марапаттаулар (грамоталар, және т.п.):
— «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
— Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшiн» медалі мемлекеттік марапаты, 2014 ж.