Компанияның және оның еншiлес ұйымдары мен тәуелдi қоғамдарының қызметiне тәуекелдердің әсерi бар. ҚазТрансГаз компаниялар Тобының беделiне және құнына әсер ете алатын тәуекелдердiң деңгейiн төмендету бойынша шаралар қабылдау және оларды дер кезінде идентификациялауға бағытталған корпоративтiк басқару жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлігі ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығына зор мән береді.

Қоғамның тәуекелдерін басқарудағы көзделетін мақсат - бизнестің стратегиялық және жедел тұрақтылығын жеткілікті сенiмдiлікпен қамтамасыз ету болып табылады.

Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiн жүйелеу және бiрiздендiру мақсатында Қоғам мына құжаттарды өңдеп, өзектi сипат бердi және бекітті:

  1. «КазТрансГаз» АҚ ішкi бақылау жүйесі туралы ереже (Директорлар кеңесiнiң 01.07.11ж. №9 шешiмi);
  2. 2013 жылға дейiн «КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерiн басқару саясаты;
  3. «КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерін бiрдейлендiру және бағалау ережелері;
  4. «КазТрансГаз» АҚ тәуекелдері бойынша комитет туралы ереже (Директорлар кеңесiнiң 26.10.ж. №14 шешiмi);
  5. «КазТрансГаз» АҚ тәуекелдерiнiң жiктеуiшi және оның ЕТҚ (Басқарманың 2014ж. 12 қыркүйектегі №29 шешiм ).