Астанада «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Рустам Сулейманов еңбек ұжымына 2016 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті ұсынды.

Өз есебінде Рустам Сулейманов ағымдағы кезеңде істелген жұмысты оңынан бағалай отырып, Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы айтты. Компанияның барлық жоспарлары кестеге сай орындалуда, бұл ретте қорытынды пайда көрсеткіші жоспарланғанынан жоғары болды.

Магистральлық газ тасымалдау бірінші жартыжылдықта 44, 8 млрд. текше метрді құрады, 6,9 млрд. текше метр газ сатылды. Табиғи газ өндіру - 161 млн. текше метрді, газ конденсатын өндіру 10 мың тоннаны құрады.

Ситибанктің анағұрлым арзан кредиттік желісін пайдалану есебінен «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 142 млн. АҚШ долл. мөлшеріндегі еврооблигацияларын ішінара кері сатып алу сәтті жүргізілді. Сондай-ақ, газ саласының жобаларын тұңғыш рет ЕҚДБ 110 млн. АҚШ долларына баламалы сомада теңгемен қаржыландырды және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның берешегі 220 млн. АҚШ долл. мөлшерінде анағұрлым арзан және ұзақ мерзімді қаржыландырумен қайта қаржыландырылды.

Биылғы жылы Қансу учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан «ҚМГ-Қансу Оперейтинг» ЖШС-ға берілген болатын  (сомасы 3,9 млрд. теңге). Сондай-ақ, қолданыстағы салықтық және инвестициялық преференцияларды алу үшін көмір қабаттарының метанын барлау мен өндіру қызметін мемлекеттік қолдау бекітілді. «АвтоГаз Алматы» ЖШС-да компримирленген табиғи газды өндіру мен сату жөніндегі қызметті шоғырландырудың аяқталуы тағы бір маңызды оқиғаның біріне айналды. 

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры бірінші жартыжылдықтың түйінді оқиғаларының қатарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қосылу және Алматы қаласында филиал құру жолымен «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ-ны қайта ұйымдастырудың аяқталуын да атап өтті. Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 шілде – 2017 30 маусым кезеңіне ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ ел өңірлерінің қалалары мен елді мекендеріндегі желілерді газдандыру, жаңғырту, активтерді техникалық қайта жарақтандыру, жаңарту және жаңаларын құру жөніндегі барлық бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындауды табысты жалғастырды. Бірінші жартыжылдықта Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының елді мекендерінде 230 км газ құбыры салынды.

Өткен жылдың қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін және түйінді оқиғаларын атап өте отырып, Рустам Сулейманов компанияның әлеуметтік тұрғыда жүргізген жұмысы туралы айтты. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сауықтыруға арналған метериалдық көмекпен қатар, 1395 қызметкерге ерекше жағдайларда материалдық көмек көрсетілді; 69 қызметкерге әлеуметтік жәрдемақы, өтемақылар мен кепілдіктер, оның ішінде Қазақстанның шегінде санаторлық-курорттық емделуге, қызметкерлер балаларының сауықтыру лагерлерінде демалуына ақы төленді; Қоғамның компаниялар тобы бойынша науқастану жағдайына ерікті медициналық сақтандыру шарттары жасалды.

Биылғы жылдың маусымында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде Астана қаласында компаниялар тобының қызметкерлері арасында Спартакиада өткізілді. Командалар ҚоғамныҢ филиалдары бар бір өңірде орналасқан ЕТҰ қызметкерлерінен қалыптастырылды, олар: «Астана», «Алматы», «Батыс», «Оңтүстік» командалары. Командалық есепте «Батыс» командасы 90 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Рустам Сулейманов сондай-ақ, компанияда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, денсаулық және экология мәселелеріне әрқашан көңіл бөлініп отыратынын атап өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның осы саладағы тапсырмалары және жүргізіліп отырған саясаты шеңберінде барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры бұдан әрі де қол жеткен нәтижелерді нығайтып, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды жалғастыру қажет деп атап өтті.   

Еңбек ұжымымен кездесу барысында болған ашық диалог кезінде Рустам Сулейманов өзекті тақырыптарды талқылап, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.