Ел тұрғындары мен кәсіпорындарына жылу мен қуат жеткізуші Қазтрансгаз Ұлттық компаниясы биылғы жылды да елеулі жетістіктермен аяқтап отыр. Тек ішкі нарыққа ғана емес шет елдерге де газ тасымалдап отырған компания отандық үздік 34 брендтің қатарына кірді. Компания жетістігі туралы тілшіміз баяндасын. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақстанда небәрі 8 миллиард текше метрге жуық газ өндірілсе, қазір бұл көрсеткіш 45 млрд текше метрден асты. Бұл саладағы ұлттық оператор ҚазТрансГаз акционерлік қоғамы. Компания 40 мың шақырымнан астам газ құбыры желісі мен 17 мың шақырымнан астам магистральдік құбыр жүйесін озық техника мен заманауи технологиялармен жарақтандырып, Орта Азиядағы газ саласының барысы атанып отыр. Биыл аталған компания үздік брендтер туралы арнайы кітапқа кірді.

ЛЕБАЙ ӨМІРЖАНҰЛЫ «ҚАЗАҚСТАН БРЕНДТЕРІ» КІТАБЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Бүгінгі таңда ҚазТрансГаз акционерлік қоғамы елдегі 1,6 млн абонентті немесе 8 миллион адамға газ жеткізіп отырған үлкен компания. Осының барлығы ҚазТрансГаз ұжымының ерен еңбегі. Сондықтан бұл компания 34 үздік брендтердің арасына кіріп отыр

Қазақстан брендтері деп аталатын кітап биыл бірінші рет шықты. Онда үздік брендтердің, яғни отандық компаниялардың  25 жылда жеткен жетістіктері мәтінмен және ақпараттық графикалармен берілген. Кітаптың әзірге 1500 данасы шықты. Экспо көрмесіне қарсы тағы бір партиясы басылады.

ЛЕБАЙ ӨМІРЖАНҰЛЫ «ҚАЗАҚСТАН БРЕНДТЕРІ» КІТАБЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Бұл кітап біздің шетелдегі елшіліктерімізге соларға таратылады, содан кейін біздің еліміздегі шет ел елшіліктеріне  де таратылады. Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесінде таратылады және Амазон ком дүниежүзілік сайты арқылы да таратылады.

ҚазТрансГаз компаниясы былтыр Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральді газ құбырын іске қосып, оңтүстік облыстар алғаш рет жылыту маусымын импорттық газсыз өткізген болатын. Ал биыл өте қысқа мерзім ішінде «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясын салып, отандық газды Қытайға экспорттауға жол ашты. 

Дереккөз: "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы