Астанада «ҚазТрансГаз» АҚ – Ұлттық операторының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары  2014-2016 жылдарға арналған бизнесті трансформациялаудың қортындыларын шығарды, сондай-ақ апта сайынғы есепті дайындау, газ балансы,  инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша баға белгілеу және газ нарығын ырықтандыру  жөнінде ақпарат берді.

Кеңеске қатысқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның стратегия жөніндегі  вице-президенті Әсия Сырғабекова Ұлттық оператор жүргізген  трансформация және басқару құрылымын оңтайландыру нәтижелеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, ресурстық базаны кеңейту және бизнесті дамыту, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар оң бағасын алды. Әсия Сырғабекова бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында қызметтің барлық бағыттары бойынша өзара байланысты жұмысты кеңейту үшін одан әрі күш-жігер жұмсау қажеттілігін атап өтті.

Кеңес барысында айтылған мәліметтер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында стратегиялық жоспарлаудың бірыңғай жүйесін құру жөніндегі бірлескен табысты жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

 "ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық  оператор.  «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

 "ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі Тел:  +7(7172)-55 23 16