Наурыз көктемгі жаңару күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері ауқымды сенбілік өткізді. Газшыларға бекітілген аумақтарды жақсарту бойынша жұмыстар  компаниялар тобы орналасқан барлық өңірлерде өтті. 

 

Мереке алдындағы сенбілікке 9 мыңнан астам адам шықты. 

 

Газшылар қоқыс шығарды, қоймаларды ретке келтірді. 

 

Жаяу жүргіншілер жолдарын қар мен ластан тазалады.

 

Қара торғай үйшіктерін жасады және ағаштарды әктеді.  

 

Жерді қазып, сәндік және жемісті ағаштар көшеттерін отырғызды. 

 

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы өткізіп жүрген сенбілік, абаттандыру және тазарту бойынша жұмыстар бұрыннан жақсы дәстүрге айналған.