Бүгін  Астана қаласында орналасқан «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері «Таза жұма» акциясының бастамасын қолдай отырып, оған ат салысты.

Өзімізге белгілі болғанда» ЭКСПО Халықаралық көрмесінің қарсаңында 29 сәуірде басталып, 13 мамырға дейін ұласатын экологиялық сенбілік шеңберінде осы акцияға Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешев бастамашылық етті. 

«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, корпоративтік рухын танытты, әрі ортақ үйіміз – Астана қаласының алдағы іс-шараға дайындығына көмек көрсету үшін өз кеңселеріне іргелес аумақты жинауға шықты.