Астанада «Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» тақырыбында бас директорлардың 3-ші форумы болып өтті, онда құрмет грамотасын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның («ҚазТрансГаз» Ақ-ның еншілес кәсіпорны, бұдан әрі – ИОА) бас директоры Валентин Хван алды. Грамота 2016 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша еңбек қорғау саласындағы ең үздік көрсеткіштері үшін тапсырылған.

Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, жазатайым жағдайларын, өндірістік факторлардың жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін  болдырмау ИОА-ның басты тұжырымы болып табылады.

Форум қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйін бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау үшін  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогымен ұйымдастырылған.

 Форумның жұмысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары – Директорлар кеңесінің төрағасы  Фрэнк Куйлаарс, Басқармасы төрағасы Сауат Мыңбаев, Директорлар кеңесінің мүшелері еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасы Фрэнк Куйлаарс форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол компанияның IPO-ға шығуға дайындалуына байланысты қазіргі кезде кез келген компанияның акциясы батыстық инвесторлармен тек қаржылық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ FAR (өліммен аяқталған оқиғалар коэффициенті) көрсеткіштері және LTIR (жарақаттану коэффициенті) 

бойынша да бағаланады - деп атап өтті.

Жеңімпаздар қауіпсіздік және еңбек қорғау (FAR, LTIR, MVCR), қызметкерлер саны, еңбек қорғау  қызметкерлерінің компания қызметкерлерінің жалпы санына қатысы сияқты көрсеткіштерді бағалаудан барып анықталды. Сондай-ақ корпоративтік стандарттар мен бастамалар енгізу, еңбек қорғау саласында нартәуекелді басқару бойынша жұмыс, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану ескерілді.

Анықтамалық:  «ИЦА» АҚ-нда Алтын қағидалар енгізілген, оларды пайдаланудағы ыңғайлылық үшін ұтқыр қосымшалар енгізілген, мысалы манадай: «ИОА-ның 8 алтын қағидасы» және «Қауіпсіздік әліппесі». 2016 жылы, өліммен аяқталған оқиғаларға жол берілмей, жарақаттану саны азайған.

Қауіпсіздік және еңбек қорғауды басқару процесіне өзінің адалдығын білдіріп және басшылар мен персоналды оған тарта отырып  қауіпсіздік жөніндегі іс-қимылды бақылау (ҚІҚБ) жөнінде дәйекті жұмыс жүргізілуде.

«ИОА» АҚ адамдардың қауіпсіздігіне қамқор бола отырып, заңнаманың және  ISO 14001 халықаралық стандарттарының (экологиялық менеджмент жүйесі), OHSAS 18001 (кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкес жүйелі жұмыстардың негізінде өзінің экологиялық аспектілерін басқарады.

«ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық  оператор.  «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

  "ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі Тел:  +7(7172)-55 23 16