АСТАНА. 19.06.2017 ж. 10:00

Осымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы (БСН 000340002165, ҚАЗАҚСТАН, 010000, Астана қ-сы., Есіл а-ны, 36 к-сі, 11-үй, тел: +7(7172)552224, e-mail: info@ktg.kz, веб-сайты: www.kaztransgas.kz) жиынтық тұрғысында ірі мәміле болып табылатын өзара байланысқан мәмілелерді «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жасасуы туралы «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 маусымдағы шешіміне (№14 хаттаманың 2-т.) сәйкес ақпараттық хабарламаны орыс және қазақ тілдерінде орналастыру жолымен корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты өз акционерлері мен инвесторларының назарына жеткізеді:

1.1. Қоса беріліп отырған Шарт жобасының жағдайларында «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-мен «Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу» Жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында «Тасымалда немесе төле» талаптарында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры бойынша тауарлық газ тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шарт;

1.2. Қоса беріліп отырған Келісім жобасының жағдайларында қамтамасыз ету бойынша Гарант ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қатысушы ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ, Қарыз алушы ретінде «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС және  Агент ретінде China Development Bank арасында Қарызға қызмет көрсетудің Резервтік шотын (DSRA Funding Support Agreement) толықтыру бойынша қолдау көрсету туралы келісімге қол қою жолымен жасалуына «ҚазТрансГаз» АҚ мүдделі мәміле.