«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық газ операторының барлық өңірлердегі компаниялар тобының сегіз мыңнан астам қызметкерлері дәстүрлі сенбілікке белсенді қатысты.  

Дәстүрлі сенбілік шеңберінде газшылар өз кеңселері мен жұмыс үй-жайларында түбегейлі тазалық жүргізіп қана қоймай, күн шуағын төккен ауа-райының ықпалымен жапсарлас жатқан аумақтарда да тазалық және жақсарту жұмыстарын жасады.

 

Сенбілік бұл күні өңірлік объектілерде де болды. Компанияның барлық компрессорлық және газ тарату станцияларында, жер асты сақтау орындарында да ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді. Газды кен орындары да тиісінше тәртіпке келтірілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниялары мен филиалдарының кеңселері бар барлық қалаларда, облыстарда және аудан орталықтарында қызу еңбек таң сәріден басталды.  Газшылар керемет көңіл-күймен ауқымды жұмыс көлемін өзара бөлісіп атқарды.

Күл-қоқыс жинастырылып, сыртқа шығарылды, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылды, ағаштар мен жол жиектері әктелді. Кеңселерде тазалық, жұмыс орындарында жасалды, түбейгейлі тазалық гараждарда және қоймалық үй-жайларда, жөндеу цехтарында да жүргізілді. 

«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері әрқашан барлық жалпы республикалық іс-шараларға қатысып қана қоймай, сонымен қатар өз сенбіліктерін де тұрақты өткізіп тұратындығын ескеру қажет.