Алматы қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Газпром» ААҚ, «Газпром экспорт» ЖШҚ және Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша 2018 жылғы газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі хаттама келісіліп, қол қойылды.  

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалы және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті Қайрат Шәріпбаев пен «Газпром» ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Медведев қол қойды.  

Қол жеткізілген келісімдер газ транзиті, өңдеу, ішкі нарықта өткізу, және экспорт саласындағы серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты, сонымен қатар, Ресей Федерациясы бағытындағы газ экспортының көлемін артыруды көздейді.

«Газпром» ААҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ газ саласындағы жемісті ынтымақтастығы көп жылдан бері жалғасып келеді.

Газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор саналатын «ҚазТрансГаз» АҚ бүгінгі таңда ішкі нарықтың тауарлық газға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады, жыл сайын өзінің экпорттық әлеуетін жақсартып, Қазақстан Республикасы арқылы жасалатын транзит көлемін арттырып келеді.  

«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының мүддесін отандық және шетелдік газ нарығында қорғайтын негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдаушы компания болып табылады. Компания тауарлық газды магистралдық және газ таратушы құбырлар арқылы тасымалдайтын орталықтандырылған инфрақұрылымға басшылық жасайды, халықаралық транзитті қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, газ құбырлары мен газ сақтау қоймаларының құрылысын жүргізеді, қаржыландырады және пайдаланады.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 55 23 16