Осы іс-шараның барысында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғали Мемлекет басшысына газ құбырын іске қосу дайындығы туралы баяндап, оны қосуға рұқсат алғаннан кейін түркістандықтар көптен күткен газ құбырын «көк отынмен» толтыруды бастауға бұйрық берді.

«Осы оқиғаны 240 мың тұрғыны бар Түркістан қаласы 50 жылдан астам уақыт күтті, алайда ОҚО-ға газ беру өткен ғасырдың 60 жылдары басталған болатын, бірақ ол кеңес өкіметінің кезінде де аяғына дейін жеткізілмеген, - деп журналистермен өткен брифингте Серік Сұлтанғали атап өтті. - Негізінен, біздің батыстағы кен орындарынан шығарылған қазақстандық газ жеткізілген оңтүстіктегі алғашқы қала. Ендігі кезекте қалаішінде газ желілерін салу ісі тұр. Түркістанда көк отынды тұтыну болжамы жылына 100 млн. текше метрді құрайды».

Қалада 40 мыңнан астам тұрғын үй мен көпқабатты үйлердегі пәтерлер, 384 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар (аптекалар, дүкендер және т.б.), 19 аурухана, 19 балабақша, 60 мектеп, 215 мемлекеттік мекеме, 70 өнеркәсіптік кәсіпорын көк отынды әлеуетті тұтынушылар болып табылады. Бұдан әрі жобаны іске асыру қалаға жақын жердегі елді мекендерді газға қосуға мүмкіндік береді.

Түркістанды газдандыру үлкен экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызға ие. Өйткені қала рұхани құндылыққа бай, Қазақстандағы ірі діни және туризм орталығы ғана емес, бүкіл Орталық Азияға әйгілі тарихи қала болып саналады. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Бұл жердің аса қызықты археологиялық ескерткіштері ежелгі қала Отырардың гүлденген кезеңіне жатады. Қасиетті киелі Түркістанға жыл сайын бір миллионнан астам адам барып қайтады.

С. Сұлтанғалидың айтуынша, «қала өңірлерді газбен жабдықтау жобасына енгізілген және алдағы уақытта шағын және орташа бизнестің жергілікті жердегі кәсіпорындарын дамытуға қосымша мүмкіндік береді әрі түркістандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен септігін тигізеді».

Түркістан қаласына дейін газ құбырын салу жобасын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы іске асырды.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнайгаз саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап "ҚазТрансГаз" АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: +7(7172) 552316, zhumabaeva@kaztransgas.kz