Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттерін іске асыру шеңберінде  «ҚазТрансГаз» АҚ-да «Ұлы дала ұрпақтары» атты мемлекеттк тіл білімі аясында конкурс өткізілді. Ұлттық оператордың компаниялар тобында осындай шара өткізу дәстүрге айналған. Ұйымдастырушылар осы жылы дәстүрлі шараны түрлендірді, конкурс баршаға ұнамды «Көңілді тапқырлар сайысы» форматында өткізілді.

Бес еншілес компанияның қызметкерлері арасынан құрылған бес команда өзара сайысқа түсті. Қатысушылар төрт айналым бойынша тапсырмаларды орындап шықты, олар – капитандардың дәстүрлі КТС сайысы, «Көзбен көріп, сөзбен өр» мақал-мәтелдерді табу сайысы, «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сұрақ-жауап сайысы, мұнда командалар жаңғыру, газ саласы, тіл және әдебиет, салт-дәстүр, салауатты өмір салты шеңберінде берілген сұрақтарға жауап берді, соңғы сайыс – «Өнер әлеміне саяхат» шығармашылық конкурс болды.

Барлық қатысушылар өз ана тілін жетік меңгергенін көрсетіп,  тапқырлық, ұшқырлық қырынан танылды. Дегенмен, кез келген байқаудағыдай араларынан мықты команда жеңімпаз атанды. Бірінші орынды  «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының техникалық блогының  қызметкерлерінен  құрылған «Сарыарқа жұлдыздары» командасы иеленді. Екінші орынды корпоративтік дамыту блогының қызметкерлерінен құрылған «Тастүйін» командасы алды. Үшінші орынды коммерциялық блок қызметкерлерінен құрылған «Газандастар» командасы иеленді. Барлық жеңімпаздар кубоктармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.