Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы – «ҚазТрансГаз» АҚ және Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі – СК ӨБК) жөніндегі Мердігер компаниялар арасында Қашаған кен орнында өндірілетін газды сатып алу-сату шартына қол қою рәсімі өтті.
Қол қойылған шарттың талаптарына сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ СК ӨБК қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, 2042 жылға дейін Қашаған газының бүкіл көлемін сатып алатын болады. Қашаған газын жеткізудің жоспарланып отырған жыл сайынғы көлемі 2,0 – 3,0 млрд текше метрді құрайды, бұл ішкі нарыққа және экспортқа арналған газдың айтарлықтай көлемін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

СК ӨБК бойынша мердігер компаниялар арасында: «Аджип Каспиан си Б.В.», «КонокоФиллипс Норт Каспиан ЛТД», «ЭксонМобил Казахстан ИНК.»,«Инпекс Норт Каспиан Си, ЛТД.», «ҚМГ Қашаған Б.В.», «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.», «Тоталь ЭиП Казахстан» бар.

«Қол қойылған Шарт тартылған барлық тарап үшін ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді болып табылады. Республикамызды белсенді түрде газдандыру жалғасуда, осы Шартқа қол қойылғаннан кейін ҚР газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы болып табылатын біздің компания ішкі нарықтың табиғи газға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктер мен ресурстарға ие болады.» - деп «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғали атап өтті.

Анықтама ретінде: Қашаған кен орны – соңғы 40 жылдағы әлемдегі ірі әрі ең қымбат энергетикалық жобалардың бірі болып табылады. Қашағанның геологиялық мұнай қоры 4,8 миллиард тоннаға бағаланады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған мұнай-газ кен орнын пайдалану 2013 жылғы күзде басталады. 2013 жылғы шілденің басында "Болашақ" қайта өңдеу зауытын қоса алғанда, Қашағанда негізгі өндірістік объектілер іске қосылған болатын. Бүгінгі күні тең үлесте иелік ететін (16,81 пайыз бойынша) Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және “ҚазМұнайГаз” компаниялары, сондай-ақ 8,4 пайызбен ConocoPhillips және 7,55 пайызбен компаниялар Қашаған жобасының қатысушысы болып табылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап "ҚазТрансГаз" АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды. Компания топтарының құрамына газды өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
Тел: +7(7172) 552946 zhumabaeva@kaztransgas.kz