Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында Қазақстан-британ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара шеңберінде «ҚазТрансГаз» мен Independent Power Corporation PLC. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсіміне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Қайрат Шәріпбаев және Independent Power Corporation PLC президенті  Питер Эрл қатысты.

Меморандум Қазақстанның елордасы Астананы, сондай-ақ республиканың солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру үшін  жоспарланып отырған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бойымен төрт газтурбиналық электр станциясын салуды көздейді.

Құжатта британдық әріптестер Астанада, Қарағандыда, Теміртау мен  Жезқазғанда әрайсысының атаулы қуаты 400 МВт болатын 4 газтурбиналық электр станциясын салуды қаржыландырады деп көзделген. Жобаланған инвестициялардың сомасы - 3 млрд. 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ, Independent Power Corporation PLC компаниясынан тартылатын инвестициялық қаражаттың есебінен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан Астанаға дейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салады және газтурбиналық электр станциялары үшін газ тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, жобаны іске асыру кезіндегі барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын тек қазақстандық компаниялар орындайтын болады.

Астананы, солтүстік және орталық Қазақстанды газдандыру жобасы  тұтынушыларды үнемді әрі ыңғайлы жылыту жүйесімен қамтамасыз етуге, электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, табиғи газды пайдалану өңірдегі экологиялық ахуалға оң әсер етеді. Сондай ақ, жаңа «Сарыарқа» газ құбыры арқылы тұтынушылар үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан отандық табиғи газ жеткізілетін болады.

«ҚазТрансГаз» мен Independent Power Corporation PLC. арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту және екіжақты инвестициялар мен инновациялық технологиялар трансфертінің көлемін ұлғайту үшін негіз болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев Қазақстанның елордасы Астана қаласын, сондай-ақ солтүстік және орталық Қазақстанды газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жобалау және салу жөніндегі жұмыс, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша орындалуда деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан астанасын, сондай-ақ орталық және солтүстік өңірлерді газдандырудың әртүрлі нұсқалары мен жобалары қарастырылған болатын, ақырында газ құбырының неғұрлым ұтымды схемалары мен бағыттары таңдап алынды. Осы жоба ҚазТрансГаз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Оны әзірлеу кезінде компанияның мамандары осы сәтке тоқтап тұрған жұмысшы газ құбырларын пайдалануды жоспарлай отырып, құрылыстың неғұрлым экономикалық тұрғыдан ұтымды нұсқасын таңдап алды. Бұл дегеніміз, газ құбырын салудың өзіндік құнын барынша төмендетуге, ал кейін тұтынушылар үшін газға деген қолайлы баға мен тарифтердің пайда болуына мүмкіндік береді.

Анықтама: International Power Corporation Plc ("IPC") Біріккен Корольдігінің электр станцияларын жетекші әзірлеушілері мен операторларының бірі болып табылады. 1995 жылы құрылған IPC Солтүстік Америкада, Латын Америкасында, Оңтүстік Африкада, Азияда және Еуропада 7000 МВт болатын жылыту және  гидростанцияларды әзірледі және оларға иелік етіп, оларды пайдаланады.

IPC электр станцияларын BP сияқты үшінші елдер үшін пайдаланады, BG, Лукойл және Shell-ға тиесілі  электр станцияларын пайдалану үшін, сондай-ақ Азиялық даму банкін (АБР), Еуропалық қайта құру және даму банкін (ЕБРР), Анд даму  корпорациясын (АКР) және  Халықаралық қаржылық корпорациясын (МФК) – Дүниежүзілік банкінің бөлімшесін қоса алғанда, көп ұлттық кредиторлар қаржыландыратын жобаларды іске асыру үшін де біліктілігі  бар.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі  

 +7 (7172) 55-23-16