2015 жылғы 26-27 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында  алғаш рет «Тіл – ұлтымның тірегі» атты қазақ тілі конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты - қызметкерлердің тілді меңгеру қабілетін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, қатысушылар үш айналымда сайысқа түсіп, өз білімдерін шыңдады.

Бастауыш топтың қатысушылар бірінші айналымда «Астана – Қазақстанның шамшырағы» тақырыбында диктант жазды.

Одан кейін экраннан «Астана – болашақтың қаласы» атты  деректі фильм көретіліп, жалғастырушы топ  «Астана – елімнің жүрегі» атты шығарма жазды.

2 айналымда қатысушылар қазақ және орыс тілінде берілген газ саласындағы терминдерді аударып, сол сөздерді қолданып, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметі туралы сөйлем құрастырды.

Үшінші шығармашылық сайыста қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың арасында Абайдың қара өлеңдерін оқыған, Мұхтар Шахановтың, Мұқағалидың өлеңдерін мақышына келтіріп орындаған дарынды қызметкерлер болды. Қазіргі ақындардың әндері де орындалды.   

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, Комиссия Төрайымы мен комиссия мүшелері сыйлықтарды табыстады.

Конкурстың жеңімпаздары:

  1. Бастауыш топ:

1-ші орын                     Жұмағалиева Кәмшат          «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

2-ші орын                     Гуламов Дамир                    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

3-ші орын                     Қыстауова Айжан                «Интергаз Орталық Азия» АҚ

  1. Жалғастырушы топ:

1-ші орын                     Қалмен Арман                     «ҚазТрансГаз» АҚ

2-ші орын                     Малдыбаева Хадиша           «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

3-ші орын                     Абдуллаева Әйгерім            «ҚазТрансГаз» АҚ

Жеңіске деген жігері үшін ынталандыру  сыйлықтары:

  1. Тимошенко Ирина                               «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
  2. Гумаров Ринат                                     «ҚазТрансГаз» АҚ
  3. Әбдіханова Саят                                  «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС
  4. Сержанұлы Әнуар                                «Амангелді Газ» ЖШС