Орал қаласында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Батыс Қазақстан өндірістік филиалы базасында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев қатысты.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйелерді біріктіруге және қысқа мерзімде «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған. Орталық бір мезетте 65 адамға қызмет көрсете алады. Олардан түскен ақпарат пен құжаттарды өңдеу үшін Орталықтың сонша қызметкері жұмылдырылған.  Кассалар саны да арттырылған, нәтижесінде абоненттер тек тұтынылған газ үшін емес, өзге де коммуналдық қызметтер үшін төлем жасай алады.  

Мамандандырылған ХҚКО басты мақсаты – өз абоненттеріне сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары өздерін кез-келген мәселе бойынша хабарласа алады. Дәлірек айтсақ, газдандыру үшін қажет құжаттарды әзірлу, тұтынылған газ үшін төлем жасауға мүмкіндік беретін жеке есеп-шот ашу, шарттарды әзірлеу және т.б.

Жаңа орталық тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді барынша оңтайландырады. Азаматтарға қолайлы болу үшін ХҚКО күту залы, кеңес беру, құжаттандыру және тіркеу бөлімі, сонымен қатар дайын құжаттарды беру секторы ашылған.

Жалпы саны ХҚКО 48 қызмет түрі көрсетіледі.

Анықтама: Бұған дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын Шымкент, Қостанай, Тараз және Атырау қалаларында ашты. Бүгінгі күні Атырау облысында 162 мыңнан астам абонент немесе аймақ тұрғындарының 500 мыңнан астамы табиғи газды тұтынады.