«Газпром Қырғызстан» ЖШҚ Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ алдындағы 2004 – 2014 жылдар кезеңінде газды жеткізгені және санкциясыз іріктеп алғаны үшін пайда болған жалпы сомасы 41,6 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі берешегін толығымен өтеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ он жылдан астам уақыт бойы қырғыз тарапының жеткізілген газ көлемдері үшін уақтылы ақы төлемеуі проблемасына тап болып келді. Борышты қайтару туралы мәселе бірнеше мәрте, оның ішінде үкіметтік деңгейде де қаралды. «Қырғызгаз» АҚ-ның атына борышты өтеу туралы талаппен хат жіберіліп, Қырғыз Республикасына газ жеткізуді тоқтату туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілді. 2008 жылдың басында «ҚазТрансГаз» АҚ «Қырғызгаз» АҚ-дан борышты өндіріп алу туралы сотқа арыз берген болатын. Алайда, Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 13 мамырдағы шешімі шыққан сәттен бері борыштың толық сомасы өтелмеген еді.

2014 жылдың ақпан айында Ресейдің газ операторы «Газпром» ААҚ «Қырғызгаз» ААҚ акцияларының 100%-ын сатып алып, Қырғызстанның газ операторы активтерінің иесіне айналды. Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығының күш-жігерімен «Газпром Қырғызстан» ЖШҚ-ның өкілдерімен болған көптеген кездесулер мен келіссөздер кезінде пайда болған берешекті өтеу туралы уағдаласудың реті түсті.

Бүгінгі таңда «Газпром Қырғызстан» ЖШҚ 41,6 млн. АҚШ  доллары мөлшеріндегі берешектің қалған сомасын өтей отырып, шарттың талаптарын толығымен орындады.  

 

 

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 552316