«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ибулла Жұмағұлұлы Сердиев партияның сайлауалды науқанына қатысқаны және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезеңінде азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтен алғыс алды.

«ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы Ибулла Жұмағұлұлын құттықтап, оған зор денсаулық, отбасында амандық және еңбек жолында жаңа жетістіктер тілейді!