Қарағандыда 2016 жылғы 27 сәуірде «Karaganda Invest 2016» ІV халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шара шеңберінде «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттары метанын барлау» ірі инвестициялық жобасын іске асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды  мемлекеттік техникалық университеті мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында қол қойылды.  

 Форумның шеңберінде өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары Нұржан Нұрлановтың кездесуі өтті.

Көмір қабаттарының метанын барлау жобаын талқылау процесінде үкіметтік деңгейде әлеуетті инвесторларды іздестіруге жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жетті. Қол қойылған меморандумда көрсетілгендей, Инвестициялар және даму министрлігі жобаны одан әрі дамыту үшін инвестиялауға қолайлы жағдайлар жасауды заң жүзінде қолдауды қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары Нұржан Нұрланов компания қабаттарды геологиялық-барлау және зерделеу жөнінде үлкен жұмыс жасағанын атап өтті. Осы сәтте шетелдік зертханаларда өндірілген үлгілерге талдау жүргізілуде, газ құрамының деңгейі айқындалуда. Нәтижелер алынғаннан кейін қорлар анықталып, өндірудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленеді.

Форум кезінде Қарағанды бассейніндегі көмір қабаттары метанын барлау мен өндіру жөніндегі бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу қажеттілілігі атап өтілді. Жобаны іске асыру шеңберінде ғылыми-зерттеу және үйлестіру жұмысының көпшілік бөлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне сеніп тапсырылғаны кездейсоқ емес. Онда жұмыс істейтін ғалымдар метан өндіру үшін жетілдірілген және қауіпсіз технологияларды әзірлеуге, бірегей аспаптар мен жабдықтардың кең спектрін құруға кірісуге әзір. Осы міндеттерді шешу үшін университеттің базасында арнайы ғылыми-техникалық орталық құрылатын болады.

  - Біз «ҚазТрансГаз» АҚ мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен осы жоба бойынша өте маңызды меморандумға қол қойдық, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов. – Өткен жылы ҚазТрансГаз өткен жылы өңір үшін теңдесі жоқ барлау мен зерделеу жөніндегі жұмыстар көлемін атқарды. Осы меморандум одан әрі дамуды білдіреді, өйткені «ҚазТрансГаз» одан әрі инвестициялар жасауды жоспарлап отыр. Метанның артында зор болашақ тұрғанына біз сенімдіміз».

Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, қазіргі басты мақсатымыз – газ алу екенін айтты. Бұл ретте оны қолданудың нұсқалары өте көп. Мысалы, оны энергетикалық қондырғыларда жағып, электр алуға немесе сұйытылған газ шығаруға болады. Бұдан басқа, алынған газды елорданың коммуналдық мұқтаждары үшін  құбыр арқылы Астанаға жөнелтуге мүмкіндік туады.

Инвестициялық форумға мыңнан астам адам қатысты, олар – шағын және орта бизнес, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың  өкілдері, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар – таяу және алыс шетелден келген қонақтар. Форумның шеңберінде 1,5 трлн. теңгеге 151 инвестициялық жоба ұсынылды.