Газшылардың еңбек династиясынан шыққан Ещановтар әулетінің өкілдері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-дан марапатқа ие болды

2016 жылғы 13 мамырда «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ибулла Сердиев, сондай-ақ газшылардың еңбек династиясы – Ещановтар әулеті «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының дәстүрлі Халықаралық отбасы күніне орайластырылған «Еңбек династиялары күніне» арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Осы іс-шараны өткізу мақсаты ұрпақтар сабақтастығын қоғамдық ынталандырудың және әлеуметтік тұрақтылықтың тиімді құралы ретінде еңбек династиялары институтын кеңінен насихаттау және қолдау болып табылады.    

«Еңбек династияларын ынталандыру ұжымымыздағы ауызбірлік пен қолайлы климатты қалыптастыруда, әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мен әлеуметтік серіктестікті дамытуда өзекті факторлардың бірі болып табылады», -  деп атап өтті өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Оның айтуынша, қызметкерлердің кәсібіне шынайы берілуін күшейту бойынша шаралар жекелеген компаниялар қызметінің тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның өркендеуіне оң әісерін тигізеді. 

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаздың» атынан газшылардың еңбек династиясы ретінде атыраулық Ещановтар әулеті ұсынылды.  

Жалпы еңбек өтілі 128 жылды құрайтын әулеттің 7 мүшесі табиғи газды магистралды тасымалдау саласында еңбек етеді. «Самұрық-Қазына» АҚ «Еңбек династиясы» медалін салтанатты тапсыру рәсіміне Атыраудан әулет басшысының жұбайы Мәрияш апа мен, оның үлкен ұлы Марат Победаұлы және немересі Айдана келіп қатысты.

Әулет басшысы Ещанов Победа Жұмағалиұлы 1945 жылы туылған.  Газ саласына 1971 жылы инженер болып келген. Еңбек жолын жөндеу-механикалық шеберханасының шеберінен бастап «Қазақэнергожөндеудің» Бас директоры лауазымына дейін көтерілген әкем газ турбиналарын жөндеуге бар білімі мен күш-жігерін салады. Ол өз шеберлігімен бөлісуге әрқашан дайын тұратын, жас мамандарға мұқият білгенін үйретіп, өзінің зор бай тәжірибесін бере білді, ол кездері газ саласы енді ғана қалыптасып келе жатқан, әлі жас болатын, Ол қоғамдық жұмыстарды да ұмытпады, бірнеше рет Мақат ауданының депутаты болып сайланды.

Победа Жұмағалиұлы жұбайы  Ещанова Мәрияшпен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді, және осы керемет шаңырақта туылған 19 немерені тәрбиелеуге зор үлестерін қосты. Ещановтардың түгелге дерлік ұрпақтары өз өмірлерін газ саласымен байланыстыра отырып, Победа Жұмағалиұлының ісін одан әрі жалғастырды.

- Мамандық таңдау мәселесі біздің алдымызда ешқашан тұрмаған болатын, - деді «Атырау» МГҚБ бас инженері болып еңбек ететін үлкен ұлы  Марат Победаұлы Ещанов. Өз әкемізді үлгі тұтып, оның соңынан ілестік, ұрпақтан ұрпаққа газшы кәсібін зор махаббатпен жеткізе білдік. Газшылар – өте жоғары тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін ерекше мамандық. Туысқандығымыз жарасқан біздер бір-бірімізді жерге қаратпай, әрқашан «биікте» болып, Ещановтар әулетінің атына дақ түсірмеуге тырысып келеміз әрі өзіміздің күнделікті абыройлы ісімізбен сүйікті компаниямыз «ҚазТрансГаздың» және жалпы еліміздегі газ саласының дамуына өз үлесімізді қоса береміз!

 

Іс-шара аясында еңбек династиясының өкілдері Қордың Еңбек династиясы аллеясына ағаш отырғызып, Астана қаласы бойынша саяхат жасауға қатысты.