2016 жылдың 4-тамызында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып Тасыбаев Манас Мұхитұлы тағайындалды.   

         Бұған дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) қызметін атқарған Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы басқа жұмысқа ауысты.   

Тасыбаев Манас Мұхитұлы 1962 жылы Ақтөбе облысында туған. 1985 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

         Мұнай-газ саласындағы тәжірибесі мол маман. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінде аппарат басшысы, Әкімнің бірінші орынбасары, Атырау қаласының Әкімі, Атырау облысы Әкімінің орынбасары болған.  

         2009 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Батыс аймақтар жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

         2010 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалын басқарып келді.   

 

       «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі