Газ дегеніміз не? Газ грек сөзінен шыққан және «хаос» ретінде аударылады. Бұл сөзді алғаш рет 16 ғасырда фламанд химигі Ян Баптист ван Гельмонт өзінің ғылыми еңбектерінде табиғи құбылыс атауы ретінде қолданды.

Алайда, адамдар газ және оның пайдалы қасиеттері туралы біздің заманға дейінгі І ғасырда-ақ білген. Аңыз бойынша, парсы патшасы газ сыртқа шығып жатқан жерге сарай асханасын салуға бұйырады. Бұл асханада күндіз-түні от жанып тұрған, мұның өзі ағаш пен көмірді үнемдеуге мүмкіндік берген. Кейін ІІІ ғасырда Қытайда білгірлер табиғи газды жер бетін бұрғылауға қолданылған темір бұрғымен ұшына бекітілген бамбук сабағынан жасалған тізбек арқылы өндіруді үйренді, сәл кейінірек бамбук сабақтары арқылы оны тұрғын жайларға жеткізген. Табиғи газ ХІХ ғасырда Еуропаның қалаларын арнайы газ құбырлары жүйелері арқылы жарықтандыру үшін шебер түрде пайдаланылған.

Бүгінгі таңда диаметері мен ұзындығы әртүрлі газ құбырлары жерді өрмекшінің торындай шырмап алды. Егер Жер экваторының ұзындығы мен газ құбырларының жалпы ұзындығын салыстырса, газ құбырларының ұзындығы ғаламтордың шеңберінен 20 есеге көп деуге болады.

Газ тасымалдау – бұл технологиялық жағынан күрделі үдеріс. Дегенмен, табиғи газ үйлерге қалай келеді?

Бұл туралы біз «Қазақстандық газ – Ұлы даланың қуаты» атты фоторепортажымызда анығырақ айтып, көрсетпекпіз. 

 

Бұрғылауды бастамас бұрын, геологтар мен ғалымдар жергілікті жерлерде сейсмикалық барлау жүргізеді. Тау жыныстарын, ландшафт пен аэрофототүсірілімнен алынған деректерді зерделейді.  Күрделі ғылыми талдаудан кейін ғана, геологтар ұңғыманы бұрғылау туралы шешім қабылдайды. Болжанған жерге ауыр арнайы техника және бұрғылаумен айналысатын мамандар әкелінеді.

 

Егер газовиктер газ табатын болса, онда ол жерде газ айдайтын зауыт (ГАЗ) салынады, ол табиғи газды қажетті стандартқа дейін жеткізе отырып, оны тазартады

 

Құрылыс өзіне жолды, газовиктер тұратын жерді, электр желілері мен басқа да өмір сүруге қажетті инфрақұрылымды қамтиды. Осылайша, иен далада вахталық кент пайда болады, жақын орналасқан ауылдар жанданады.

 

Жоба рентабельді болған жағдайда ГАЗ-бен қатар жерасты магистральдық газ құбырларын (МГҚ) салу белсенді жүргізіле бастайды. Бұл өте жауапты үдеріс, ол өз кезегінде көптеген басқа үдерістерге бөлінеді. Олардың бірі, аяққы нүктесі құбырішілік диагностика үдерісі (ҚІД) деп аталады.

 

ҚҒД үдерісі былайша қызықты, мәселен Қызылорда облысында газ құбырын салуды бастаған кезде  сіз поршеньді жібересіз, оны сіз бірнеше жүз шақырымнан кейін ғана Ақтөбе облысынан көре аласыз. Осы уақытта поршень жоғары қысыммен құбырды барлық қоқыстан тазартып, оларды шығарып үлгереді. Ешқашан газ құбырынан не тауып алатыныңды білмейсің

 

Тазартылғаннан кейін, өткізгіш «зонд» (ақылды зонд) құбыр қалыңдығын сканирлеп, проблемалы жерлерін, мәселен, тозғандығы, өзгеруін және металл тотығуын зерделейді.

 

Бірнеше тестілеу жұмыстарынан кейін, ГАЗ-дан газ құбырына жоғары сапалы газ, яғни тауарлық газ жіберіледі

 

Құбырдағы қысымды және бүкіл жүйенің жұмысын қымбат әрі қазіргі заманғы жабдықтар арқылы диспетчер бақылап отырады.

 

Газ Компрессорлық станцияларға (КС) дейін аман-есен тасымалданады. Осындай КС-тар магистральдық газ құбырының бүкіл желісінің бойында бірнеше болуы мүмкін, негізінен, жер беделінің бейініне қарай оларды бір бірінен 100-150 шақырым қашықтықта салады. Бұл ретте КС – бұл тұтастай бірнеше зауыт, олар жол-жөнекей газды тазартады, суытады, құрғатады. Онда Боинг самолетінен авиатурбиндер орнатылады, олар жоғары қысыммен құбырдың ішін айдайды.

 

Газ өз жолымен магистральдық құбырлардың арқасында көптеген табиғи тосқауылдарды, мысалы өзен, шөлейттер мен тауларды бұзып-жарып өтеді. Өкінішке орай, бұны сурет арқылы көрсету мүмкін емсе. Құбырлар жер астында көрінбей жатады.

 

Қорыта келе табиғи газ елді мекендерге жақын арнайы салынған автоматтандырылған газ тарату станцияларына (АГТС) дейін жетеді. 

 

Бірқатар міндетті сараптамадан кейін және диагностикалық жұмыстардан соң, АГТС-тан шығатын газ МГ құбырларына қарағанда аз қысымды құбырлар бойынша  шалғайдағы қалаларға, аудан орталықтары мен ауылдарға тасымалданады.

 

Табиғи газ сіздің үйіңізге жеткенше ол ең алдымен газ тарату пункттеріне (ГТП) түседі, ал әрі қарай орташа қысыммен шкафтық тарату пункттеріне (ШРП) дейін жеткізіледі.

 

Ол жерден қалаішілік газ тарату желілері – сары құбырлар арқылы газ сіздің үйіңізге дейін жетеді, содан кейін сіз өзіңіздің сүйікті асыңызды әзірлей аласыз. Алайда, қауіпсіздік шаралары туралы да ұмытпаған жөн

 

Газға қосылған елді мекенқала үлгісіндегі елді мекенге теңестіріледі. Жақын арада көк отын пайда болған үйлерде, тұрғындар қуанышқа кенеліп, көңілдері көтеріңкі болады. Газ бар жерде, әрқашан жылылық пен жайлы жағдай болмақОсылайша қазақстандықтардың әрбір үйі «Ұлы даланың қуатына» кенеледі.