Лого

Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің мың жарымдай тұрғынына көгілдір отын жеткізілді. Бүгін салтанатты жағдайда Үшқұдық ауылында газ құбыры іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында шаралар қолға алынып келеді. Су құбырлары жүргізілуде, елді мекендерге газ жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін облыстың барлық аудан орталықтары отынның осы түрімен қамтамасыз етіледі, - деп сөз берді облыс басшысы.

Үшқұдық ауылдық округінің құрамына 3 елді мекен кіреді. Ал, округ орталығы Үшқұдық ауылында 1165 адам тұрады. Ауылдық округтің ауданы 43 702 га, оның 20 346 га ауыл шаруашылылы мақсаттарында қолданылады. Орталықтандырылған су жүйесі бар, енді көгілдір отын жеткізілді.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл арасындағы және Үшқұдық ауылына дейін газ құбырын тарту жұмыстарына бюджеттен 276 млн теңге бөлінді. Тапсырыс беруші "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Ақтөбе филиалы.