Лого

Мыңнан аса тұрғынның қуанышымен облыс әкімі арнайы барып бөлісті.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Газ құбырларын ауылға жеткізу және ауылішілік жұмыстар толық аяқталды. Халықтың қуанышына ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты.
Үшқұдық ауылын газдандыру барысында 12 шақырым газ құбыры, 14 газ тарату пункті, 24,5 шақырым ауылішілік газ тарату желісі салынған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде 237 үй мен 4 әлеуметтік нысан көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз етіледі.
«ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе облысында газдандырудың бас сызбасы шеңберінде 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын, бұрма газ құбырларын салып, газ тарату жүйесін жаңғыртуды көздеп отыр. Жоба аясында Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз ауылы газбен қамтылады. Онда 1410 тұрғын үй, 13 әлеуметтік нысанды көгілдір отынмен қамтамасыз ету көзделген. Әйтеке би ауданындағы Комсомол ауылында автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы былтыр аяқталған болатын. Ауылдың 6200 тұрғыны мен 13 әлеуметтік нысан толықтай газ жүйесіне қосылуға дайын. Ойыл ауданының да көгілдір отынмен қамтатамасыз етілетін күн алыс емес.
Қазақстандағы ең үлкен газ тарату станциясы Ақтөбеде салынып жатыр. Алғаш рет қолға алынған нысан іске қосылғаннан кейін жылдан жылға аумағы үлкейе түсетін облыс орталығының қажеттілігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар.