Лого

Ойыл – облыстағы ең алыс ау­дан­дардың бірі. Оның үс­тіне, әлемдік қаржы дағ­дарысы қап­талдасып шыға келді. Дегенмен, ойылдықтар об­лыстың аудан орталықтарын газ­дандыру бағытында жүргі­зіліп жатқан жұмыстың қар­қы­нына қарап, көгілдір отынның игі­лігін көретін күннің қашық емес екеніне сенім артып кел­ген-ді. Соның сәті де түсті. Шал­ғай­дағы аудан орталы­ғына кө­гілдір отынды беруге бай­­ланысты салтанатты шара­ға облыс әкімі Бердібек Сапар­­баев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік фи­лиа­лының директоры Аман­жол Тәжіғалиев, сондай-ақ ау­дан тұрғындары қатысты.

«Облыстың елді мекен­дерін газдандыру және газ тарту жүйелерін жаңғырту» ин­­вес­тициялық жобасы аясын­­да ұлт­тық оператор «Қаз­­Транс­Газ» акционерлік қоға­­мы Ойыл ауылындағы көше­ара­лық және жеткізуші газ құ­бырының құрылысын аяқтады. Ауылға газ құбырын тарту аясында 1 автоматтандырылған газ тарту стансасы, 1 блокты газ реттеу пункті, 92 шақы­рым­­нан астам жеткізуші газ құ­бы­ры, 59 шкафты газ реттеу пунк­ті, 77 шақырым көше­ара­лық газ құбыры салын­ды. Ен­ді ауылдың 6 мың тұр­ғы­ны, 871 тұрғын үй мен 59 ком­муналдық-тұрмыстық жә­не әлеуметтік нысандар табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз еті­леді. Жалпы, облыс бойын­ша 2015-2020 жылдарды қамти­тын инвестициялық жоба ая­сында 287 шақырым газ құ­бы­ры салынбақ. Ал 2030 жыл­­ға қарай өңірді газбен қам­­­ту деңгейі 96 пайызға же­те­­ді. Биыл ел Тәуелсізді­гінің 25 жылдығы құрметіне біз­д­­ің облыста барлық аудан орта­­лықтары газдандырылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масы­на сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақ­­сат­ында барлық іс-шара­лар қабыл­дануда, – деген Бер­дібек Са­пар­баев аудан тұрғын­дарын көптен күткен қуаныш­тарымен құттықтады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақ­төбе өндірістік филиа­лы­ның директоры Аманжол Тә­жі­­ғалиев Ойылға газ тарту ұлт­­тық оператордың ірі жоба­ларының бірі екенін жет­кізді. Салтанатты шарада сөз алған Ойыл ауданының құр­мет­ті азаматы Әнуар Бекмұ­хам­бетов сырттағы әртүрлі сая­си-экономикалық дағдарыс­тарға қарамастан, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев әр уақытта халықтың жағдайына көңіл бөліп келе жатқанын тілге тиек ете келіп, соның нақты кө­рі­нісі Ойылға көгілдір отын жет­кізілуі екенін атап өтті. Ең­бек ардагерлері Ғұсман Жұм­бергенұлы мен Ты­ныш­тыбай Шалабаев облыс әкімі мен ауданға көгілдір отын жеткі­зумен айналысқан ком­пания басшылығына ауыл тұр­ғын­дары атынан алғысын білдірді.

Бұдан кейін Бердібек Са­пар­­баев пен Аманжол Тәжі­ға­­лиев және ауданның бедел­ді ақсақалдары Ойыл ауылы­на салтанатты жағдайда газ жі­берді. Өңір басшысы баста­ған топ алғашқылардың бірі бо­лып көгілдір отынның игі­лігін көріп отырған Берік Құр­­ма­шевтың отбасында болды. От­басымен аудандағы «Энер­го­система» мекемесінде жұмыс жасайтын Беріктің зайы­бы Майра от жағу бейне­тінен құ­тылғанын айтып, қуанышын жасырмады. Бұрын қысқа 3 тонна көмір, қи сатып алып келген, оның үстіне қосымша электр қуатымен жылытып келген отбасы бір айда үйді жы­лытудың өзіне 40-50 мың теңге жұмсайды екен. Енді кө­гілдір отынның игілігін көріп, қаржы жағынан да үнем­ге қол жеткізгелі отыр­ған­дарын айтты. Өңір бас­шысы бастаған топ «Қаз­Транс­­Газ Аймақ» ком­пания­сы те­гін газ тартып бер­ген әлеу­мет­­тік топқа жататын Асқар Мер­­ге­новтің отба­сында да болды.

Көгілдір отынның келуі аудан экономикасына оң ық­па­лын тигізері сөзсіз. Бұған дейін Ақтөбеге баратын тас жол салынып, су құбыры тар­тыл­ған аудан орталығына газ кел­ген соң мұнда шағын және орта бизнестің дамуына берік негіз бар. Енді ауданға қаржылы кәсіп­кер­лер көптеп келе бас­тайды, ту­ризмнің дамуына ықпал ете­ді деген үміт оянды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы,

Ойыл ауданы