Bnews.kz

Автор: ДИЛАРА РЫСДӘУЛЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан шалғайдағы ауылдар газбен қамтылатын болды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали алдағы жылдары Бәйдібек ауданындағы 52 елді мекенде тұратын елу бес мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамту үшін өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Салтанатты шара барысында №18 «Шалдар» автоматты газ тарату стансасының құрылысы басталып, алғашқы газ құбыры дәнекерленді.
«Меморандум аясында облыстағы Бәйдібек, Созақ аудандарын газбен қамтуға қатысты мәселелер тиімді іске асырылмақ. Облыс әкімдігі құрылыс жүргізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындаса, «ҚазТрансГаз» АҚ 2015 жылдың соңына дейін «Бейнеу-Шымкент» магистральдік газ құбырының 1365 шақырымында «Шалдар» автоматты газ тарату стансасының құрылысын жүргізіп, аудан орталығы Шаян елді мекеніне дейінгі 32 шақырымдық аралықта газ құбырын таратпақ», ? деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.