Хабар (ТВ)

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының 55 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізбек. Бүгін осы аумақта газ тарату бекетінің құрылысы басталды.
Аудан орталығында бұған дейін газ болған емес. Жергілікті халық отын жағып келді. Станса құрылысының шығындарын әкімдікпен екі ортадағы келісімге сәйкес, «ҚазТрансГаз» компаниясы толық өздері көтермекші.
Ал жергілікті атқарушы органдар жер телімдерін бөліп, құжаттарын рәсімдеп қойыпты. Көгілдір отынмен түкпір-түкпірдегі елді мекендердің барлығы 2 жылдан кейін толық қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Соңғы жылдары облыстағы 124 ауылға табиғи газ тартылғанын да айта кетейік.
Серік Сұлтанғали, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры
- Бейнеу-Бозойдың ең негізгі 1500 шақырым көлеміндегі газ құбыры іске қосылды. Енді 300 шақырым қалды, оның да жартысын аяқтап қалдық. Жылдың аяғына дейін бітеді. Ал компрессорлық стансалар 2015-16-жылдары іске қосылады. Сол кезде толық жобалық күшіне кіреді.