Хабар (ТВ): 20.10.2014

Енді 400 мыңға жуық тұрғын көмір орнына газ тұтынады. Игі шара бұл өңірді 2020-шы жылға дейін кешенді газдандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «ҚазТрансГаз» АҚ мен өңір бірлесе қолға алған «Алматы-Байсерке-Талғар» газ магистральі тұрғындардың 30 пайызын көгілдір отынмен қамтуға жетеді. Ұзындығы 64 шақырым құбыр Талғар ауданы мен Іле ауданының Байсерке ауылын жалғайды.Талғарлықтар қуанышын келесі жылы Талдықорған жұртшылығы да көреді. Қазір онда ұзындығы 262 шақырым сапалы құбыр тартылуда. Онан соң Қапшағай қаласына жалғасады.
Сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» газ магистралі бойынша Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарының бірнеше елді мекендеріне көгілдір отын жеткізіліп, 2020 жылға дейін облыстың 80 пайызы газдандырылады.
Серік Сұлтанғали «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры
-Талғардың өзінде 50 мыңдай адам тұрады. Бәрін қосқанда аудандармен 250 мың абонентке қосылайын деп тұр. Үлкен жоба «Бейнеу-Бозай-Шымкент» аяқталып келе жатыр. 2016 жылы бүкіл жоба күшіне енеді. Сол бағдарламада Алматы облысында да істелініп жатқан жұмыстарымыз өз нәтижесін тауып жатыр. 5 проценттен 15 процентке жеткіздік.