kazinform.kz

Қазақстандағы мемлекеттік компанияға тиесілі «ҚазТрансГаз-Тбилиси» Тбилиси газ тарататын компаниясы жыл соңына дейін қазақстандық менеджменттің басқаруына қайтарылады.

Бұл туралы Тбилисиде вице-премьер, Грузияның энергетика министрі Каха Каладзе мәлім етті.

«Қазір Грузия және Қазақстан тараптарының жұмыс топтары техникалық сұрақтарды шешуде, ол жыл соңына дейін аяқталады», - деді К.Каладзе.

Оның сөзіне қарағанда, «бұл туралы шешім Грузия билігімен қабылданып қойған».

Еске сала кетейік, «ҚазТрансГаз» қазақстандық компаниясын 2006 жылы 12,5 миллион долларға «Тбилгаз» Тбилиси газ тарату компаниясын сатып алған болатын. 2009 жылы оны 80 миллион лари (1 доллар = 1,76 лари) сомасындағы қарызы үшін мемлекеттік басқару еншілеген.

Ал қыркүйек айында «ҚазТрансГаздың» жаңа арнайы басшысы ретінде Гия Бенашвили тағайындалған. Оның өкілеттілігі осы жылдың соңына дейін сақталады.