Автокөлікті сығымдалған табиғи газға ауыстыру жобасын іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов және «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары Р.Э.Сулейманов қол қойды.

АЛАШ АЙНАСЫҚұжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу» жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде дайындалған.

Келісімнің мақсаты – көлік құралдарына арналған бензин және дизель отыны сияқты дәстүрлі отын түрлерінің орнына автокөлікті мотор отынының экологиялық таза түріне ауыстыру есебінен Ақтөбе өңірінің экологиясын жақсарту.

Бұған қоса, газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы - «ҚазТрансГаз» АҚ-пен ынтымақтастық Ақтөбе облысындағы сығымдалған табиғи газ нарығын кеңейтуді көтермелеуге, өңірдің аумағында көлікке отын құюға арналған қауіпсіз инфрақұрылым құруға ықпал ететін болады.

Автомобиль газ жинақтау компрессорлық станцияларын (әрі қарай - АГЖКС) салудағы және пайдаланудағы тәжірибені ескере отырып, Ақтөбе облысының аумағында жаңа станцияларды салу және одан әрі пайдалану жөніндегі бірыңғай оператор болып «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы - «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС айқындалды.

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС автогаз станцияларын салуды сығымдалған табиғи газбен жүретін автобус парктерін құру және коммуналдық автокөлікті отынның жаңа түріне ауыстыру шараларымен бір мезгілде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Әкімдік автобус парктерін құруға, сондай-ақ коммуналдық автокөлікті отынның жаңа түріне ауыстыруға жәрдем көрсететін болады. Бұл ретте көлік құралдарын жеткізудің және оларды қайта жабдықтаудың тиісті кестесі жасалатын болады. Бұған қоса, облыстық әкімдік газ желілеріне барынша жақын жерден станциялар салу үшін жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз етеді.

Бастапқы кезеңде шамамен 70 автобусқа қызмет көрсетілетін болады, бұл ретте, әлеуетті газ құю станциясы тәулігіне 400 бірлік автокөлікті табиғи газбен қамтамасыз ете алады. Бұдан әрі, 2022 жылға дейін өңірде тағы 6 станция салынатын болады. Автомобиль газ жинақтау компрессорлық станциялары облыстың автопаркін ғана емес, Самараға шығатын Орынбор және Орал бағытындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағыты бойынша транзитпен өтетін автокөлікті де отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.