Info-ЦЕСАстанада «Жас Батыр» стадионында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бастамасымен мини-футболдан кезекті турнирдің ашылу салтанаты болып өтті.

2015 жылдың жазғы маусымында бес ай бойы чемпион атағына Қордың компаниялар тобының қызметкерлерінен құралған10 команда таласатын болады. Бұл жолы да ойындар екі айналымнан өткізіледі.

Турнирдің ресми ашылу салтанатында футзалдан қысқы турнирдің жеңімпаздары марапатталды. Турнирде кубокты «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жеңіп алған болатын. Екінші орынды «Қазақтелеком» АҚ, ал үшінші орынды «ҚазТрансГаз» АҚ иеленді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі отбасылық-спорттық мереке форматында өтті. Сайыс барысында стадионда түрлі сайыстар, балалар конкурстары ұйымдастырылып, сондай-ақ, футболды фристайл шеберлері шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараны заманауи фотосуреттер агенттігі Ppz.kz жария етті.