24.kz

«ҚазТрансГаз» Қытай банкілерінен 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде несие алуға уағдаласты.

Бұл қаржы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының құрылысын аяқтау үшін жұмсалмақ. Қаржыландыруды ұйымдастырушылар ретінде «Қытайдың Даму Банкі Корпорациясы» және «Қытай Банкі» ірі қаржы институттары әрекет етті. Ал қазақстандық компания аталған қарызды 2028 жылға дейін қайтаруы керек.

Дерек көзі: 24.kz