Kazakh TV

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысын аяқтауға шетелден инвестиция тартылды. «ҚазТрансГаз» АҚ Қытай банктерінен 2 жарым млрд АҚШ доллары көлемінде  несие алуға уағдаласты. Қазақстандық компания аталған қарызды 2028 жылға дейін қайтаруы керек.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» - Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ең ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Магистральді газ құбырының бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтеді. Жоба құны - 3,6 миллиард доллар. Құрылыс жұмыстарына  мыңдай адам тартылған, оның 90 пайызы - қазақстандық мамандар.